Мамай Ізтілеу, Тобыл кенті, "Думан" Мәдениет үйі
қызметкері, айтыскер ақын.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды құжат. Онда көтерілген бастамалар мен міндеттер халықтың әл-ауқатын арттыруға, өңірлерді дамытуға және елдің өркендеуіне бағытталған. Мәдениет саласының өкілі ретінде мені, әсіресе, инфрақұрылымды дамыту, құрылыс жұмыстарын жандандыру және мәдениет мекемелерін жаңғырту мәселелері ерекше қызықтырады. Өйткені елдің дамуы заманауи ғимараттар мен әлеуметтік нысандардың салынуымен ғана емес, олардың халыққа сапалы қызмет көрсетуімен де өлшенеді. Ауылдар мен шағын елді мекендерде жаңа мәдениет үйлерін салу, қолданыстағы ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу – өзекті мәселелердің бірі. Мәселен, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсартып, жылу жүйесін реттеп, шығармашылық үйірмелердің толыққанды жұмыс істеуіне жағдай жасау қажет. Өйткені балалар мен жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыру үшін оларға қолайлы әрі заманауи орта керек.
Мәдениет үйі – жай ғана ғимарат емес, ол ауылдың рухани жүрегі. Мұнда халықтың басы қосылып, ұлттық өнер дәріптеледі, жас таланттар қанаттанып, ән мен күй, би мен жыр ұрпақтан ұрпаққа жалғасады. Сондықтан құрылыс пен жаңғырту жұмыстары кезінде мәдениет нысандарына да баса назар аударылса, бұл ауыл тұрғындары үшін үлкен қолдау болар еді.
Айтыскер ақын ретінде мен үшін ұлттық өнердің өркендеуі, ана тіліміздің мәртебесі мен дәстүрлі өнердің сақталуы айрықша маңызды. Домбыраның күмбірі мен жырдың құдіреті халқымыздың рухын көтеріп, ел бірлігін нығайтады. Ал осы құндылықтарды дәріптейтін мәдениет ошақтарының жағдайын жақсарту – болашаққа жасалған инвестиция.
Жолдауда көтерілген құрылыс пен инфрақұрылымды дамытуға қатысты бастамалар нақты жүзеге асып, әр өңірдің қажеттілігі ескерілсе, елді мекендердің келбеті жаңарып, халықтың өмір сүру сапасы арта түсері сөзсіз. Әсіресе, ауылдық жерлерде әлеуметтік нысандардың салынуы мен жаңартылуы тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер ашып, жастардың туған жерінде білім алып, өнермен айналысуына жол ашады.
Ел дамуы жолындағы әрбір бастама нақты іспен жалғасып, халық игілігіне қызмет етсін. Туған жеріміздің өркендеуіне үлес қосып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу – баршамызға ортақ міндет.
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...
10.11.2026 12:53

Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан запустило интеллектуального помощника AI TALDAU в обновлённой информационно-аналитической системе...
06.11.2026 14:25

Мемлекет басшысының экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға және отандық өндірісті қолдауға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында Юбилейное ауылында «KST BETON 2022»...
06.11.2026 14:24

В рамках реализации поручений Главы государства, направленных на развитие экономики, привлечение инвестиций и поддержку отечественного производства, в селе Юбилейное был...
05.11.2026 13:39

Бұған дейін ресми түсіндірме берілгеніне қарамастан, Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақыға салық енгізіледі...
05.11.2026 13:37

Центр по борьбе с дезинформацией JAQ.OrtCom, несмотря на ранее опубликованные разъяснения, продолжает фиксировать в социальных сетях вбросы и манипуляции о...