Президент Жолдауын жүзеге асыру: су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап көлемі үш есеге жуық артып, 700 мың гектардан асты. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін су ресурстарын үнемдеу және заманауи суару технологияларын кеңінен енгізу міндеттерін айқындады. Үкімет су ресурстарына түсетін жүктеменің артуына байланысты аграрлық секторда суды пайдалану тәсілдерін кезең-кезеңімен жаңғыртып, су ысырабының алдын алуға және суару тиімділігін арттыруға басымдық беріп келеді. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау шаралары кеңейтіліп, суару инфрақұрылымы жаңғыртылуда, сондай-ақ суару жүйелеріне қажетті жабдықтардың отандық өндірісі дамып келеді. Егіндік суға сұранысы жоғары әрі трансшекаралық су көздеріне тәуелді өңірлерге ерекше көңіл бөлінуде. Жүзеге асырылып жатқан шаралар шаруалардың суды тиімді пайдаланатын заманауи суару технологияларына көшуіне мүмкіндік беруде, деп хабарлайды.Үш жылда 237 мыңнан 700 мың гектардан астамға дейін
Мемлекет басшысының суармалы жерлерде жыл сайын 150 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі шаруаларды мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтті.
Осыған орай, 2023 жылы заманауи суару жүйелері шамамен 30 мыңға гектар алқапқа енгізілсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 152,8 мың гектарды, 2025 жылы 153,6 мың гектарды, ал 2026 жылдың басынан бері 158,8 мың гектарды құрады.Нәтижесінде, үш жыл ішінде суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын қолдану көлемі үш есеге жуық артты.
Атап айтқанда, 2023 жылы заманауи суару жүйелері 237,1 мың гектар алқапта қолданылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 389,9 мың гектарға, 2025 жылы 543,5 мың гектарға жетті. Ал 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап көлемі 702,3 мың гектарды құрады.
Бүгінде бұл технологиялар еліміздегі жалпы көлемі 1,9 млн гектар суармалы жердің 36%-ында қолданылады.
Тамшылатып суару технологиясының қолданысы да айтарлықтай кеңейді. Оның көлемі 2023 жылғы 42,5 мың гектардан биыл 254,3 мың гектарға дейін өсіп, шамамен алты есеге артты.
Сол кезеңде жаңбырлатып суару алқабы 188,3 мыңнан 379 мың гектарға дейін екі есеге өсті. Тек 2026 жылдың басынан бері тамшылатып суару жүйелері 86,5 мың гектарға, жаңбырлатып суару жүйелері 65,9 мың гектарға енгізілді.
2027 жылы су үнемдеу технологияларымен қамтуды 912,2 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр, бұл шамамен 1,428 млрд текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді. 2028 жылы мұндай алқаптар көлемі 1,1 млн гектарға дейін ұлғаяды, үнемделген су 1,721 млрд текше метрге дейін жетпек, 2029 жылы тиісінше 1,2 млн гектар, яғни 1,975 млрд текше метр болмақ.
2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларымен 1,3 млн га суармалы жерді қамту жоспарлануда. Бұл көрсеткішке жеткенде жыл сайынғы үнем 2,2 млрд текше метр суды құрайды.
Суды үнемдеу нақты нәтиже беруде
Заманауи суару жүйелеріне көшу ауыл шаруашылығы өндірушілеріне су беру көлемі мен режимін дәлірек реттеуге, өнімсіз шығындарды азайтуға, вегетациялық кезеңде дақылдарды ылғалмен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Белгілі бір шаруашылық көлемінде бұл су, электр және суару шығындарын төмендетеді. Біркелкі және уақтылы суару сонымен қатар өнімділікті арттыруға жағдай жасайды, десе де нақты экономикалық әсер технологияға, мәдениетке, аймаққа, инфрақұрылым жағдайына және ресурстардың құнына байланысты әртүрлі болып отырады.
Суды үнемдеу технологияларын қолдану су шығынын орта есеппен 20-30%-ға қысқартуға мүмкіндік береді. Ал нақты әсер өсірілетін дақылға, климаттық жағдайларға, топырақтың түрі мен жағдайына, рельефке, сондай-ақ шаруашылық ішіндегі суару жүйесіне байланысты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша заманауи суару жүйелері 543,5 мың гектарға енгізіліп, 874 млн текше метр су үнемделіп отыр.
Су үнемдеу технологиялары қолданылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының ауқымы кең. Ең үлкен үлесі мал азығы үшін егілетін дақылдарда – шамамен 30%, дәнді дақылдар – 20%, көкөніс – 19,5%. Суды көп қажет ететін күріш пен мақта бойынша бұл көрсеткіш – 20,3%.
2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын қолдану аумағын 1,3 млн гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр, бұл жыл сайын 2,2 млрд текше метр суды немесе суару үшін пайдаланылатын су көлемінің 30%-на дейін үнемдеуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Суды үнемдеу технологиялары суармалы егіншілік дамыған аймақтарда қарқынды енгізілуде. Биыл заманауи суару жүйелерімен қосымша қамтылған 158,8 мың гектардың шамамен 50 мың гектары Түркістан облысына тиесілі болып отыр. Алматы облысында бұл көрсеткіш 25,5 мың га, Қызылорда облысында 19,2 мың га, Жетісу облысында 11,8 мың га, Жамбыл облысында 10,2 мың га құрады.
Бұл өңірлерде тамшылатып және жаңбырлатып суаруды кеңейту суару желілерін реконструкциялаумен және суды есепке алу мен бөлудің цифрлық жүйелерін енгізумен қатар жүргізілуде.
Шаруаларды қолдау бірнеше есе артты
Су үнемдеу технологияларын енгізуді жеделдетудің негізгі тетіктерінің бірі – ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мемлекеттік қолдауды кеңейту. Мұндай жүйелерді сатып алу және орнату шығындарын өтеу үлесі 60%-дан 80%-ға дейін, ал оларды пайдаланған кезде суару суының құнын субсидиялау көлемі 50%-дан 85%-ға дейін ұлғайтылды.2026-2028 жылдары су үнемдеу технологияларын инвестициялық субсидиялауға 214,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл алдыңғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда шамамен төрт есе көп. Ол кезеңде осы мақсаттарға 54,6 млрд теңге бағытталған болатын. 2026 жылы қаржыландыру көлемі – 58,5 млрд теңге, 2027 жылы – 74,6 млрд теңге, 2028 жылы – 81,5 млрд теңгені құрайды. Бұдан бөлек, осы кезеңде су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге қарастырылған.
Қаржыландыруды бөлу кезінде Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарына басымдық берілді. Осы үш өңірде шамамен 905 мың га суармалы жер бар. Бұл ретте аталған облыстарда суару суының тапшылығы байқалады және олар трансшекаралық су ресурстарына айтарлықтай тәуелді. Сонымен бірге қолдау шараларының тізбесі кеңейтілді. Оған егістікті лазерлік тегістеу, жерасты суларын көтеруге жұмсалатын электр энергиясы шығындарын өтеу, ылғалдандыру суаруы және тұзданған топырақты шаю жұмыстарына арналған шаралар енгізілді.
Отандық зауыттар саны төрттен жетіге дейін өсті
Су үнемдейтін суару технологияларының кеңеюі заманауи суару жабдықтарына тұрақты сұранысты қалыптастырып қана қоймай, оның ел ішінде өндірілуіне де серпін беріп отыр. Екі жылда осы сегменттегі отандық кәсіпорындардың саны төрттен жетіге дейін өсті: үш зауыт Түркістан облысында, екеуі – Астанада, бір-бірден – Алматы қаласы мен Атырау облысында.
Олардың жиынтық өндірістік қуаты жылына 3 390 жаңбырлатқыш машинаны құрайды. Бұл шамамен 205 мың га жерді суаруға жеткілікті. Еліміздің жыл сайынғы ішкі қажеттілігі 1000-1200 машина болған жағдайда, қазіргі өндіріс көлемі шаруалардың сұранысын жалпы алғанда толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тек 2026 жылдың басынан бері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шамамен 65,6 мың га жерді суаруға 1 010-ға жуық жаңбырлатқыш машина сатып алды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1789964793
27.11.2026 10:16

Рабочий визит Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Российскую Федерацию продолжился участием в мероприятиях, проходящих в рамках международной конференции Al Journey...
27.11.2026 10:13

В рамках участия в конференции по искусственному интеллекту AI Journey 2026 состоялся диалог Главы государства Касым-Жомарта Токаева и Президента России...
27.11.2026 10:12

В своем выступлении он поблагодарил Президента России Владимира Путина за приглашение и отметил достижения России в сфере науки, технологий и...
27.11.2026 08:04

АЭС өндірісі – отандық кәсіпорындарға үлкен мүмкіндік https://egemen.kz/news/aes-ondirisi-otandyq-kasiporyndarga-ulken-mumkindikЕліміз 2029 жылға қарай энергия көзін артығымен өндіретіндей деңгейге жетуді мақсат етіп отыр. Мемлекет...
26.11.2026 15:01
ЦОДы должны работать на регион: Мадиев призвал инвесторов вкладываться в социальную инфраструктуру ЭкибастузаIT-хабы и социальные объекты: Мадиев о том, что...
26.11.2026 13:26

Команды юношей общеобразовательной школы имени Ергалиева и девушек общеобразовательной школы имени Майлина стали победителями своих дивизионов областной школьной волейбольной лиги...
26.11.2026 13:22

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» состоялись очередные отчётные встречи акима района с жителями Новоильиновского, Калининского и сельского округа Байшуақ....
26.11.2026 13:13

21 ноября в городе Рудном состоялся Международный многожанровый конкурс «Fortuna Fest», который стал ярким и волнительным событием для танцевально-циркового коллектива...
26.11.2026 13:12

В копилке спортивных достижений Костанайской области появилась ещё одна достойная награда. Сборная команда педагогов региона завоевала почётное III место по национальной...
26.11.2026 13:10

15 ноября 2026 года в городе Костанае состоялся Республиканский конкурс талантов «Fantastic Talent», который подарил участникам яркие эмоции, незабываемые впечатления...
26.11.2026 12:15

Мәслихаттар – халқының еркін білдіретін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік, оны жүзеге асыру шараларын айқындайтын және олардың орындалуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар....
26.11.2026 12:14

2026 жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Осыдан кейін Орталық...
26.11.2026 12:13

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Әбдіров биыл ауқымды реформалар аясында жаңа Конституция бойынша референдум және Құрылтай депутаттарының сайлауы өткенін еске...
26.11.2026 12:12

Сайлау науқанының басты міндеті – оны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде қатаң сақтау арқылы өткізу. Орталық сайлау комиссиясы сайлауды ұйымдастырушыларды...
26.11.2026 12:11

Сайлау билік пен халықтың арасын жақындата түседі. Мәслихаттар жергілікті бюджеттерді бекітіп, өңірлердің дамуын бақылайды. Депутаттардың жауапкершілігін арттыру мәслихаттардың кәсібилігі мен...
26.11.2026 12:10

Маслихаты – местные представительные органы, которые выражают волю населения своей административно-территориальной единицы, определяют меры для ее реализации и контролируют их...
26.11.2026 12:09

12 октября 2026 года Глава государства подписал Указ о досрочном прекращении полномочий маслихатов всех уровней, после чего Центральная избирательная комиссия...
26.11.2026 12:08

Председатель ЦИК Н.Абдиров напомнил, что в этом году в рамках масштабных реформ уже прошли референдум по новой Конституции и выборы...