Қазақ халқының рухани мұрасының алтын қазығы – домбыра мен айтыс өнері.
Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан осы асыл құндылықтар халқымыздың болмысын, тарихы мен мәдениетін танытады. Домбыраның күмбірі мен ақындардың отты жыры қазақ руханиятының ажырамас бөлігі болып табылады.
Осындай ұлттық өнерді бойына сіңіріп, оны дәріптеп жүрген дарынды жастардың бірі – Әйет ауылының Сапар Ерғалиев атындағы қазақ жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы, белсенді ерікті Берік Айару Мархабатқызы.
Айару домбыраны жеті жасынан бастап қолға алған. Оның өнерге деген қызығушылығын байқап, алғашқы үш жыл бойы өнер мектебінде ұстазы Мәжит Әлия домбыра тартудың қыр-сырын үйретті. Кейіннен ол өз білімін жетілдіріп, күй өнерін меңгерумен қатар, айтыс өнеріне де ден қоя бастады.
Бүгінде Айару өнер мектебінде білім алып, ұлттық өнердің бірнеше бағытын қатар алып жүр. Ол домбырада халық күйлері мен белгілі күйшілердің шығармаларын орындап, түрлі мәдени іс-шаралар мен концерттерге белсене қатысады. Домбыраның қоңыр үні арқылы халқымыздың бай мұрасын насихаттап келеді.
Жас өнерпаздың жетістіктері де аз емес. «Жас тұлпар» айтысының қорытындысы бойынша облыстық кезеңде жүлделі орын иеленіп, өзінің таланты мен дайындығын дәлелдеді. Айтыс барысында оның тапқырлығы, тіл байлығы, ой ұшқырлығы мен сахна мәдениеті көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Айарудың шығармашылық қабілеті тек домбыра мен айтыспен шектелмейді. Ол аудандық мәдениет үйі жанындағы театр қойылымдарына қатысып, бірнеше кейіпкердің образын сәтті сомдап жүр. Сахнадағы еркіндігі мен актерлік шеберлігі оның жан-жақты өнер иесі екенін көрсетеді. Театрдағы тәжірибе оның айтыстағы сахна мәдениетінің қалыптасуына да оң әсерін тигізуде.
Жас таланттың шығармашылық жолында ұстаздарының еңбегі зор. Айтыс өнеріне баулып жүрген ұстазы Мамай Ізтілеу шәкіртінің сөз саптауы мен суырыпсалмалық қабілетін шыңдап келеді. Ал өнер мектебіндегі ұстазы Айбек Балтабаев Айарудың алғыр, өнерсүйгіш, еңбекқор әрі жауапкершілігі жоғары шәкірт екенін ерекше атап өтеді.
Домбыра, айтыс және театр өнерін қатар алып жүрген Берік Айару Мархабатқызы ұлттық өнердің болашағы жарқын екенін дәлелдеп жүрген жастардың бірі. Ұлттық домбыра күні қарсаңында оның жетістіктері құрдастарына үлгі болып, жас ұрпақты өнерге баулуға септігін тигізері сөзсіз.
Жас талантқа шығармашылық табыс, жаңа белестер мен толағай жеңістер тілейміз!
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...