Медицина қызметкерлері күні – адам өмірі мен денсаулығын қорғауды басты парызына айналдырған ақ халатты абзал жандарға көрсетілетін ерекше құрмет мерекесі.
Осы мереке қарсаңында Тобыл кенті селолық амбулаториясының аға медбикесі Распопина Нелля Владимировнамен кездесіп, сұхбаттасудың сәті түсті. Биыл Тобыл кенті ауылдық амбулаториясының құрылғанына 40 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде мекеме тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетіп, халық денсаулығын нығайту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Ақ халатты абзал жандардың жұмысы үлкен жауапкершілікті, төзімділік пен кәсіби шеберлікті талап етеді. Олар күн сайын науқастардың сауығып кетуіне күш-жігерін жұмсап, қиын сәттерде жандарынан табылып келеді. Адам өмірі үшін күресу, дер кезінде көмек көрсету – медицина қызметкерлерінің басты міндеті әрі азаматтық парызы. Нелля Владимировнаның айтуынша, Тобыл селолық амбулаториясы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда зертхана, физиотерапия кабинеті және күндізгі стационар бөлімшесі жұмыс істейді. Күндізгі стационарда тұрғындар қажетті ем қабылдап, денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік алады. Соңғы жылдары ұжым жас мамандармен толыққан. Қазіргі таңда амбулаторияда жас дәрігерлер Амангелді Бауыржан Жанәділұлы, Қуаныш Әшір Айғатайұлы, Анефияев Нұрсұлтан Нұржанұлы еңбек етеді. Мемлекет тарапынан жас мамандарға көтерме жәрдемақы беріліп, тұрғын үй мәселесін шешуге қолдау көрсетілуде. Бұл ауылдық жерлерде білікті кадрларды тұрақтандыруға мүмкіндік беріп отыр. Тобыл кенті ауылдық амбулаториясында тәжірибелі мамандар мен жас буын дәрігерлердің сабақтастығы жақсы жолға қойылған. 30 жылдық еңбек тәжірибесі бар, 1 дәрежелі аға дәрігер Абдреймов Гани Жұмабайұлы өз білімдері мен тәжірибелерін жас мамандарға үйретіп, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына қолдау көрсетуде. Аға буынның ақыл-кеңесі мен тәлімгерлігі жас мамандардың жауапкершілігін арттырып, біліктілігін шыңдауға мүмкіндік береді. Осындай ұрпақтар сабақтастығы медициналық қызметтің сапасын арттырып, тұрғындарға көрсетілетін көмектің деңгейін жақсартуға ықпал етуде.
– Медициналық қызметкер үшін ең үлкен марапат – науқастың алғысы мен сауығып кетуі. Біз тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, олардың денсаулығын сақтауға әрдайым дайынбыз, – дейді 20 жылдық еңбек тәжірибесі бар, аға медбике Распопина Нелля Владимировна.
Қырық жылдық тарихы бар Тобыл кенті ауылдық амбулаториясының ұжымы алдағы уақытта да халық игілігі жолындағы еңбегін жалғастыра бермек. Медицина қызметкерлері күніне орай барлық дәрігерлерді, медбикелерді және денсаулық сақтау саласының ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...