Қарапайым еңбекпен өмір жолын өріп, адал еңбегімен ел құрметіне бөленген азаматтардың бірі – Бауржан Сейтқанұлы Есмағамбетов.
Ол 1963 жылдың 10 қаңтарында Қаймақкөл кеңшарының Бұлақсор бөлімшесінде (қазіргі Тимофеевка ауылы маңы) дүниеге келген. Балалық шағы туған жердің табиғатымен, ауыл тіршілігімен біте қайнасып өтті. Бауржан Сейтқанұлы Тимофеев орта мектебін тәмамдағаннан кейін туған ауылында еңбек жолын бастайды. Жастайынан еңбекке араласып, ата-анасына қолғабыс тигізіп өскен. Тіпті 12 жасынан бастап жазғы демалыс кезінде шөп шабу науқанында тракторшының көмекшісі болып жұмыс істеп, еңбекке ерте бейімделген. Мектептен кейін туған ауылындағы Бұлақсорда шопан болып еңбек етті. 1981 жылы Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылып, Абхазияның Сухуми қаласында әскери қызмет атқарды. Екі жыл әскери қызметін абыроймен өтеп, туған жеріне оралып, қайтадан ауыл шаруашылығында еңбегін жалғастырды. 1984 жылы Бауржан Сейтқанұлы Базаркүл Қалиевнамен шаңырақ көтеріп, берекелі отбасының негізін қалады. Қазақы дәстүр бойынша тұңғыш ұлдары Аманжол атасының қолында тәрбиеленді. Ерлі-зайыптылар үш бала тәрбиелеп өсірді. Үлкен ұлы Аманжол Бауржанович жұбайы Тамарамен бірге Әйет ауылында тұрып, мемлекеттік қызметте еңбек етеді. Екінші ұлы Дәулет Алматы қаласында құрылыс компаниясында жұмыс істейді. Ал кенже қызы Назгүл Қостанай қаласындағы OLZHA HIGH SCHOOL жекеменшік мектебінде психолог болып қызмет атқарады. Отбасының тірегі болған Базаркүл Қалиевна да мәдениет саласында еңбек етіп, балалар кітапханасында қызмет атқарады. Өз ісіне адал маман ретінде оның еңбегі аудандық деңгейде ғана емес, Қостанай облыстық мәдениет басқармасы тарапынан да алғыс хаттармен бағаланған.
2000 жылы Бауржан Сейтқанұлы Қазанбасы совхозына көшіп келіп, теміржол саласында – жол монтері болып еңбек жолын жалғастырды. Теміржол саласындағы алғашқы еңбек жолында оған үлкен қолдау көрсеткен ПЧ-34 теміржол дистанциясының сол кездегі бастығы, бүгінде құрметті теміржолшы, зейнеткер Қашқымбаев Мұңайтпас Батырбекұлына деген алғысы ерекше. Тәжірибелі басшының ақыл-кеңесі мен қолдауы еміржол саласына тез бейімделіп, өз ісін жетік меңгеруіне үлкен септігін тигізді.
Кейін 2017 жылы ПЧ-33 Тобыл жол дистанциясына ауыстырылып, Тобыл кентінде еңбек етті. Бауржан Сейтқанұлының теміржол саласындағы жалпы еңбек өтілі – 25 жыл. Қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығына қарамай, ашық аспан астында атқарылатын ауыр еңбекті абыроймен атқарып, теміржолдың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін аянбай қызмет етті.
Бауржан Сейтқанұлы – еңбекқор, сабырлы, қарапайым мінезді жан. Ұжымдастары арасында сыйлы, құрметті азамат. Әріптестері оны жауапкершілігі жоғары, сенімді маман ретінде бағалайды. Бүгінде ол зейнеткерлік демалысқа шығып, өмірінің жаңа кезеңін бастады. Ендігі арманы – балаларына қолдау көрсетіп, немерелерінің тәрбиесіне үлес қосу. Немерелерінің ішінде үлкені Нұрлыбекті ерекше жақсы көретін қамқор ата.
Адал еңбекпен өткен өмір – әрқашан құрметке лайық. Бауржан Сейтқанұлы Есмағамбетовтің өмір жолы – еңбекқорлықтың, отбасылық құндылықтың және қарапайымдылықтың жарқын үлгісі. Осындай еңбек адамдары – ел дамуының нағыз тірегі.
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...