Көктемнің шуақты мерекесі – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы халқымыз үшін тек табиғаттың жаңаруы ғана емес, ынтымақ пен бірліктің, татулық пен түсіністіктің айқын көрінісі.
Осы мереке қарсаңында Қазақстан темір жолы «ҰҚ» АҚ «Қостанай магистральдық желі бөлімшесі» филиалына қарасты Тобыл сигнализация және байланыс дистанциясы ШЧ-18 ұжымының еңбегі ерекше құрметке лайық.
Теміржол – ел экономикасының күретамыры. Ал осы саланың қауіпсіз әрі үздіксіз жұмыс істеуі сигнализация мен байланыс қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Тобыл станциясындағы ШЧ-18 дистанциясының ұжымы осы сенімді абыроймен атқарып келеді. Күн демей, түн демей қызмет ететін мамандар пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, байланыс жүйесінің тұрақты жұмысын қадағалайды.
Бұл ұжымның ерекшелігі – оның көпұлтты құрамында. Қазақ, орыс, украин, татар және өзге де ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті еңбек етіп, ортақ мақсат жолында бірігіп келеді. Әрқайсысы өз ісінің шебері, тәжірибесі мол мамандар. Ұжым ішіндегі өзара сыйластық пен қолдау – олардың басты құндылығы.
Наурыз мейрамы – осындай бірлікті ұлықтайтын ерекше мереке. Бұл күні теміржолшылар да ұлттық дәстүрді жаңғыртып, дастархан жайып, ұлттық тағамдар әзірлеп, бір-біріне ақжарма тілектерін арнайды. Үлкендер батасын беріп, жастар ізгі ниеттерін білдіріп, мерекенің мәнін арттыра түседі. Әсіресе, ұлттық киім киіп, салт-дәстүрлерді дәріптеу – ұжымның рухани байлығын көрсетеді.Теміржол саласының ардагерлері де бұл күні назардан тыс қалмайды. Олардың көпжылдық еңбегі мен тәжірибесі кейінгі буын үшін үлгі. Ардагерлерге құрмет көрсету – ұжымның басты қағидаларының бірі.
ШЧ-18 дистанциясының еңбеккерлері тек кәсіби тұрғыда ғана емес, қоғамдық өмірде де белсенді. Әртүрлі мәдени шараларға қатысып, өңірдің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Осындай ұйымшыл әрі еңбекқор ұжым – еліміздің тұрақтылығы мен дамуының кепілі.
Ұлыстың ұлы күні барша теміржолшыларға жаңа табыстар, мықты денсаулық, отбастарына амандық әкелсін! Бірлігі жарасқан көпұлтты ұжымның еңбегі әрдайым ел игілігіне қызмет ете берсін!
16.04.2026 12:12

Реализация творческих проектов талантливой молодежи продолжает приносить нашему району яркие победы и заслуженное признание. Очередным поводом для гордости стал успех...
16.04.2026 12:09

Бейімбет Майлин ауданында елді мекендерді абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл іс-шаралар Қостанай облысы әкімінің халықтың өмір сүру...
16.04.2026 12:08

В районе Беимбета Майлина на постоянной основе проводится системная работа по благоустройству населённых пунктов. Данные мероприятия реализуются в рамках поручений...
16.04.2026 09:48
В Журавлевской балке состоялся первый в этом году субботник на роднике, одном из популярнейших природных источников района. К уборке территории...
16.04.2026 09:44

Биыл Бейімбет Майлин ауданы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Тарихы тереңге бойлаған бұл өңір – ел дамуына елеулі үлес қосып...
16.04.2026 09:43

15 апреля 2026 года в школе имени С. Ергалиева для учащихся 4 класса был проведён краеведческий час на тему «Жемчужина...
16.04.2026 09:42

Тобыл кентіндегі жастар саясатының негізгі бағыттары қандай және «Altyn jastar» жастар ресурстық орталығының рөлі неде? – Қазақстан жастары - ел болашағының...
16.04.2026 09:41

Военная служба во все времена была испытанием не только физической силы, но и человеческого характера. Смелость и ответственность - два...
16.04.2026 09:40

Вопросы патриотического воспитания молодежи сегодня занимают особое место в государственной политике Республики Казахстан. Глава государства К.К.Токаев неоднократно подчеркивал, что формирование...
16.04.2026 09:39

2026 жылдың 3 сәуір күні Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатындағы маңызды кездесу...
16.04.2026 09:37

В районе прошел чемпионат по волейболу среди мужских и женских команд. В соревнованиях приняли участие сборные сельских округов. Турнир стал...
16.04.2026 09:36

В современном обществе волонтёрство становится не просто добрым делом, а важной частью жизни активных и неравнодушных людей. В Международный год...
10.04.2026 13:21

️ Мемлекет басшысы: «Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз» «Бірлігімізді бекемдеп, біртұтас халық болып жарқын болашаққа нық қадам басамыз. Қасиетті Отанымыз...
10.04.2026 13:19

Касым-Жомарт Токаев: «Крайне важно придать новый импульс работе по продвижению наследия великих просветителей» «Мы по праву гордимся нашим интеллектуальным наследием. Выдающиеся...
10.04.2026 13:17

Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды «Білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса назар аударған жөн. Бұл ретте...
10.04.2026 13:14

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі» «Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты болсын деймін. Осы белгілі мереке қарсаңында...
10.04.2026 13:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения ученых
09.04.2026 12:18

В период прохождения паводка район Беимбета Майлина с рабочей поездкой посетил аким Костанайской области Кумар Аксакалов. Глава региона ознакомился с...