Көктемнің алғашқы шуағымен бірге келетін ерекше мейрамдардың бірі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні.
Бұл – аналар мен аруларға құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы орны мен еңбегін бағалайтын, мейірім мен жылулыққа толы мереке. Ана – өмірдің шуағы, отбасының берекесі, ал әйел – қоғамның тірегі. Сондықтан бұл күн әр шаңырақта ерекше ықыласпен атап өтіледі. Осы мерекеге орай Новоильин ауылында аналар мен аруларға арналған әсерлі мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік шараға ауылдың ақ жаулықты аналары мен нәзік жанды арулары жиналып, көтеріңкі көңіл күйде бас қосты. Кеш барысында қонақтарға арнайы дастархан жайылып, аналар мен арулар шай ішіп, еркін әңгіме-дүкен құрды. Дастархан басында жылы тілектер айтылып, жүрекке жылы тиетін әсем әндер шырқалды. Ән мен әуенге толы кешке жиналған қауым ерекше көңіл күйге бөленді.
Мерекелік кештің көркін аша түскен тағы бір сәт – кітапханашының әсерлі көркем сөз оқуымен жалғасты. Ол аналарға арналған жүрекжарды өлеңдер мен тағылымды сөздерді мәнерлеп оқып, кеш қонақтарының көңіліне ерекше әсер қалдырды. Ананың мейірімі мен әйел адамның қоғамдағы рөлі туралы айтылған әрбір сөз жиналғандардың жүрегіне жылылық сыйлады. Кештің соңғы бөлігінде қатысушылар би билеп, ән айтып, көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді. Әсіресе аналар мен арулардың шат-шадыман күлкісі мен мерекелік көңіл күйі бұл кештің ерекше өткенін аңғартты.
Осындай мазмұнды әрі көңілді мерекелік іс-шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған Новоильин ауылының әкімі Қалақпасов Азамат Аманжолұлына ауыл тұрғындары шексіз алғыстарын білдірді. Ауылдың мәдени өміріне көңіл бөліп, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлағаны үшін жиналған қауым өз ризашылықтарын жеткізді. Игі шаралар ауыл тұрғындарының бірлігін арттырып, аналар мен аруларға деген құрметтің әрдайым жоғары екенін көрсетеді. Аналар аман, арулар шаттықта болса, қоғамымыз да әрдайым гүлдене беретіні сөзсіз.
16.04.2026 12:12

Реализация творческих проектов талантливой молодежи продолжает приносить нашему району яркие победы и заслуженное признание. Очередным поводом для гордости стал успех...
16.04.2026 12:09

Бейімбет Майлин ауданында елді мекендерді абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл іс-шаралар Қостанай облысы әкімінің халықтың өмір сүру...
16.04.2026 12:08

В районе Беимбета Майлина на постоянной основе проводится системная работа по благоустройству населённых пунктов. Данные мероприятия реализуются в рамках поручений...
16.04.2026 09:48
В Журавлевской балке состоялся первый в этом году субботник на роднике, одном из популярнейших природных источников района. К уборке территории...
16.04.2026 09:44

Биыл Бейімбет Майлин ауданы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Тарихы тереңге бойлаған бұл өңір – ел дамуына елеулі үлес қосып...
16.04.2026 09:43

15 апреля 2026 года в школе имени С. Ергалиева для учащихся 4 класса был проведён краеведческий час на тему «Жемчужина...
16.04.2026 09:42

Тобыл кентіндегі жастар саясатының негізгі бағыттары қандай және «Altyn jastar» жастар ресурстық орталығының рөлі неде? – Қазақстан жастары - ел болашағының...
16.04.2026 09:41

Военная служба во все времена была испытанием не только физической силы, но и человеческого характера. Смелость и ответственность - два...
16.04.2026 09:40

Вопросы патриотического воспитания молодежи сегодня занимают особое место в государственной политике Республики Казахстан. Глава государства К.К.Токаев неоднократно подчеркивал, что формирование...
16.04.2026 09:39

2026 жылдың 3 сәуір күні Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатындағы маңызды кездесу...
16.04.2026 09:37

В районе прошел чемпионат по волейболу среди мужских и женских команд. В соревнованиях приняли участие сборные сельских округов. Турнир стал...
16.04.2026 09:36

В современном обществе волонтёрство становится не просто добрым делом, а важной частью жизни активных и неравнодушных людей. В Международный год...
10.04.2026 13:21

️ Мемлекет басшысы: «Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз» «Бірлігімізді бекемдеп, біртұтас халық болып жарқын болашаққа нық қадам басамыз. Қасиетті Отанымыз...
10.04.2026 13:19

Касым-Жомарт Токаев: «Крайне важно придать новый импульс работе по продвижению наследия великих просветителей» «Мы по праву гордимся нашим интеллектуальным наследием. Выдающиеся...
10.04.2026 13:17

Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды «Білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса назар аударған жөн. Бұл ретте...
10.04.2026 13:14

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі» «Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты болсын деймін. Осы белгілі мереке қарсаңында...
10.04.2026 13:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения ученых
09.04.2026 12:18

В период прохождения паводка район Беимбета Майлина с рабочей поездкой посетил аким Костанайской области Кумар Аксакалов. Глава региона ознакомился с...