8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қоғамға еңбегімен үлгі болып жүрген аналар мен ұстаздарды ерекше құрметпен атап өткен жөн. Солардың бірі – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ерғалиева Айнұр Кеңесқызы.
Ерғалиева Айнұр Кеңесқызы 1989 жылдың 18 қазанында Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Үлкен, көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Әкесі мамандығы бойынша құрылысшы болса, анасы бала тәрбиесімен айналысқан ардақты жан. Үш ағасының арасында жалғыз қыз болып өскен Айнұр бала кезінен білімге құштар, ізденімпаз болып өседі.
1996 жылы Арқалық қаласындағы қара шаңырақ білім ордасы Шоқан Уәлиханов атындағы №1 мектептің табалдырығын аттап, 2007 жылы мектепті аяқтайды. Бала күнінен мұғалім болуды армандаған ол орта сыныптан бастап ағылшын тіліне ерекше қызығушылық танытады. Осы қызығушылығы оны болашақ мамандығын таңдауға жетелейді.
2007 жылы Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, ағылшын және неміс тілдерін меңгереді. 2011 жылы аталмыш оқу орнын бакалавр дәрежесімен аяқтап, ұстаздық жолын бастайды.
Еңбек жолын Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияда бастап, бүгінгі күнге дейін мұғалімдік қызметін абыроймен атқарып келеді. 13 жылдық еңбек жолында ол шәкірттеріне сапалы білім беріп, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға көп еңбек сіңірді. Оның тәрбиелеген оқушылары түрлі жетістіктерге жетіп, ұстаз еңбегінің жемісін көрсетіп келеді.
Айнұр Кеңесқызы үшін ұстаздық – жай ғана мамандық емес, жүрек қалауымен таңдаған өмір жолы. Ол өз мамандығын шексіз сүйеді және мамандық таңдауда қателеспегеніне сенімді. Бүгінде ол – бақытты жар, аяулы ана. Жолдасымен бірге төрт бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Екі үлкен ұлы мектепте білім алса, екі кішкентайы балабақшаға барады. Айнұр Кеңесқызы үшін көпбалалы отбасы – үлкен байлық. Өйткені мұндай отбасында балалар бір-біріне қамқор болып, көмектесуді, түсінуді үйренеді. Қуаныш та, қиындық та бірге бөлісіліп, өзара қолдау мен сыйластық қалыптасады. Ұстаздық пен ана болуды қатар алып жүрген Айнұр Кеңесқызы – еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және мейірімділіктің жарқын үлгісі.
8 наурыз – көктем мерекесі қарсаңында Ерғалиева Айнұр Кеңесқызын шын жүректен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, отбасына амандық, еңбегіне табыс және шәкірттерінің биік жетістіктерін тілейміз.
16.04.2026 12:12

Реализация творческих проектов талантливой молодежи продолжает приносить нашему району яркие победы и заслуженное признание. Очередным поводом для гордости стал успех...
16.04.2026 12:09

Бейімбет Майлин ауданында елді мекендерді абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл іс-шаралар Қостанай облысы әкімінің халықтың өмір сүру...
16.04.2026 12:08

В районе Беимбета Майлина на постоянной основе проводится системная работа по благоустройству населённых пунктов. Данные мероприятия реализуются в рамках поручений...
16.04.2026 09:48
В Журавлевской балке состоялся первый в этом году субботник на роднике, одном из популярнейших природных источников района. К уборке территории...
16.04.2026 09:44

Биыл Бейімбет Майлин ауданы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Тарихы тереңге бойлаған бұл өңір – ел дамуына елеулі үлес қосып...
16.04.2026 09:43

15 апреля 2026 года в школе имени С. Ергалиева для учащихся 4 класса был проведён краеведческий час на тему «Жемчужина...
16.04.2026 09:42

Тобыл кентіндегі жастар саясатының негізгі бағыттары қандай және «Altyn jastar» жастар ресурстық орталығының рөлі неде? – Қазақстан жастары - ел болашағының...
16.04.2026 09:41

Военная служба во все времена была испытанием не только физической силы, но и человеческого характера. Смелость и ответственность - два...
16.04.2026 09:40

Вопросы патриотического воспитания молодежи сегодня занимают особое место в государственной политике Республики Казахстан. Глава государства К.К.Токаев неоднократно подчеркивал, что формирование...
16.04.2026 09:39

2026 жылдың 3 сәуір күні Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатындағы маңызды кездесу...
16.04.2026 09:37

В районе прошел чемпионат по волейболу среди мужских и женских команд. В соревнованиях приняли участие сборные сельских округов. Турнир стал...
16.04.2026 09:36

В современном обществе волонтёрство становится не просто добрым делом, а важной частью жизни активных и неравнодушных людей. В Международный год...
10.04.2026 13:21

️ Мемлекет басшысы: «Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз» «Бірлігімізді бекемдеп, біртұтас халық болып жарқын болашаққа нық қадам басамыз. Қасиетті Отанымыз...
10.04.2026 13:19

Касым-Жомарт Токаев: «Крайне важно придать новый импульс работе по продвижению наследия великих просветителей» «Мы по праву гордимся нашим интеллектуальным наследием. Выдающиеся...
10.04.2026 13:17

Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды «Білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса назар аударған жөн. Бұл ретте...
10.04.2026 13:14

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі» «Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты болсын деймін. Осы белгілі мереке қарсаңында...
10.04.2026 13:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения ученых
09.04.2026 12:18

В период прохождения паводка район Беимбета Майлина с рабочей поездкой посетил аким Костанайской области Кумар Аксакалов. Глава региона ознакомился с...