8 наурыз – көктемнің алғашқы шуақты мерекелерінің бірі, әйел-аналарға деген ерекше құрмет пен алғыс білдіретін күн. Осы мереке қарсаңында отбасының ұйытқысы болып, қоғамда абыройлы еңбек етіп жүрген аяулы жандардың бірі – бастауыш сынып мұғалімі, көпбалалы ана Атаубай Бағила Әбнағиқызы туралы айтуға болады.
Атаубай Бағила Әбнағиқызы – шәкірт тәрбиесін өмірінің басты мақсатына айналдырған ұстаз. Ол білім саласында 15 жылдан бері табанды еңбек етіп келеді. Бастауыш сынып мұғалімі ретінде кішкентай шәкірттердің жүрегіне білім нәрін сеуіп, олардың өмірге деген қызығушылығын арттырып, алғашқы қадамдарын нық басуына бағыт-бағдар беріп келеді. Ұстаздық жол – үлкен жауапкершілікті талап ететін қасиетті мамандық. Бағила Әбнағиқызы осы жауапкершілікті терең сезініп, әр баланың бойынан жақсы қасиеттерді қалыптастыруға бар күш-жігерін салып келеді. Мектеп қабырғасында ол тек білім беруші ғана емес, оқушылар үшін қамқор анадай жанашыр ұстаз. Шәкірттері оның мейірімділігі мен сабырлылығын ерекше құрметтейді. Әр баланың қабілетін байқап, оны дамытуға көңіл бөлу – оның ұстаздық ұстанымдарының бірі. Бағила Әбнағиқызы тек білікті ұстаз ғана емес, сонымен қатар өнегелі отбасының ардақты анасы. Жолдасы Аубакиров Мұрат Женсикбайұлы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» «Қостанай бөлімшесі-ЖТ» ЖШС филиалының Қостанай локомотив пайдалану айналым депосында тепловоз жүргізушісі болып еңбек етеді. Ол да өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, теміржол саласында адал қызмет етіп жүрген маман. Бұл шаңырақта бес бала тәрбиеленіп өсіп келеді. Үлкендері – Жанель, Әнуар, Айбат мектеп қабырғасында білім алуда. Ал кішкентай Айша мен Мұхаммед балабақша тәрбиеленушілері. Балаларының тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін ата-ана олардың білімді, тәрбиелі, елге пайдалы азамат болып өсуіне барынша жағдай жасап келеді. Көпбалалы ана болу – үлкен еңбек пен төзімділікті талап етеді. Бағила Әбнағиқызы ұстаздық қызметі мен ана ретіндегі міндетін қатар алып жүріп, отбасының берекесін сақтап отырған жан. Балаларына мейірім мен қамқорлық сыйлап, еңбекқорлық пен адамгершілік қасиеттерді үлгі етіп келеді. Осындай жандар қоғамның тірегі, ұрпақ тәрбиесінің шамшырағы деуге болады. Ұстаздық жолында талай шәкірт тәрбиелеп, отбасында өнегелі ана болып отырған Бағила Әбнағиқызы – айналасына үлгі боларлық жан.
Көктемнің көрікті мерекесі – 8 наурыз қарсаңында Бағила Әбнағиқызына және барлық аяулы аналар мен ұстаздарға зор алғыс айтамыз. Олардың еңбегі мен мейірімі – қоғам үшін баға жетпес құндылық. Осындай абзал аналардың мерейі әрдайым үстем болып, шаңырақтарына бақ-береке, дендеріне саулық, еңбектеріне толағай табыс тілейміз.
16.04.2026 12:12

Реализация творческих проектов талантливой молодежи продолжает приносить нашему району яркие победы и заслуженное признание. Очередным поводом для гордости стал успех...
16.04.2026 12:09

Бейімбет Майлин ауданында елді мекендерді абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл іс-шаралар Қостанай облысы әкімінің халықтың өмір сүру...
16.04.2026 12:08

В районе Беимбета Майлина на постоянной основе проводится системная работа по благоустройству населённых пунктов. Данные мероприятия реализуются в рамках поручений...
16.04.2026 09:48
В Журавлевской балке состоялся первый в этом году субботник на роднике, одном из популярнейших природных источников района. К уборке территории...
16.04.2026 09:44

Биыл Бейімбет Майлин ауданы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Тарихы тереңге бойлаған бұл өңір – ел дамуына елеулі үлес қосып...
16.04.2026 09:43

15 апреля 2026 года в школе имени С. Ергалиева для учащихся 4 класса был проведён краеведческий час на тему «Жемчужина...
16.04.2026 09:42

Тобыл кентіндегі жастар саясатының негізгі бағыттары қандай және «Altyn jastar» жастар ресурстық орталығының рөлі неде? – Қазақстан жастары - ел болашағының...
16.04.2026 09:41

Военная служба во все времена была испытанием не только физической силы, но и человеческого характера. Смелость и ответственность - два...
16.04.2026 09:40

Вопросы патриотического воспитания молодежи сегодня занимают особое место в государственной политике Республики Казахстан. Глава государства К.К.Токаев неоднократно подчеркивал, что формирование...
16.04.2026 09:39

2026 жылдың 3 сәуір күні Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатындағы маңызды кездесу...
16.04.2026 09:37

В районе прошел чемпионат по волейболу среди мужских и женских команд. В соревнованиях приняли участие сборные сельских округов. Турнир стал...
16.04.2026 09:36

В современном обществе волонтёрство становится не просто добрым делом, а важной частью жизни активных и неравнодушных людей. В Международный год...
10.04.2026 13:21

️ Мемлекет басшысы: «Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз» «Бірлігімізді бекемдеп, біртұтас халық болып жарқын болашаққа нық қадам басамыз. Қасиетті Отанымыз...
10.04.2026 13:19

Касым-Жомарт Токаев: «Крайне важно придать новый импульс работе по продвижению наследия великих просветителей» «Мы по праву гордимся нашим интеллектуальным наследием. Выдающиеся...
10.04.2026 13:17

Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды «Білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса назар аударған жөн. Бұл ретте...
10.04.2026 13:14

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі» «Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты болсын деймін. Осы белгілі мереке қарсаңында...
10.04.2026 13:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения ученых
09.04.2026 12:18

В период прохождения паводка район Беимбета Майлина с рабочей поездкой посетил аким Костанайской области Кумар Аксакалов. Глава региона ознакомился с...