Жаңа Конституция: әлеуметтік кепілдіктер сақталады, экономикалық тұрақтылық күшейеді
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы 16 ақпаннан бастап өңірлерді аралап, қоғамның түрлі топтарымен Жаңа Конституция жобасын талқылап келеді. Қысқа мерзім ішінде коалиция мүшелері еліміздің тоғыз өңірін аралап, мыңдаған кездесу өткізді. Олардың қатарында Мәжіліс депутаты Асхат Аймагамбетов те бар.
Депутаттың айтуынша, соңғы жеті жылда Қазақстан бұрын-соңды болмаған іргелі өзгерістер кезеңін бастан өткерді. Президент бастамасымен төрт саяси реформалар пакеті жүзеге асырылып, 2022 жылы ауқымды конституциялық өзгерістер қабылданды. Алайда әлемдік геосаяси ахуалдың құбылуы, технологиялық серпіліс және жасанды интеллект дәуірінің басталуы мемлекеттің негізгі заңын жаңаша пайымдауды талап етіп отыр.
Өткен жылы қолданыстағы Конституцияның 30 жылдығы аталып өтті. Осы уақыт ішінде оған көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін ескерсек, заңгерлер қауымының бір бөлігі жаңа редакциядағы Конституция қабылдауды орынды деп санайды.
Білім мен медицина: тегін қызмет жалғасады
Кездесулер барысында халықты ерекше алаңдатқан мәселе – білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы тегін қызметтің тағдыры. Қоғамда бұл қызметтер толық ақылы болады деген жаңсақ пікірлер тараған.
Алайда бұл шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан әлеуметтік мемлекет болып қала береді. Конституцияның 1-бабында мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені нақты жазылған. Бүгінде мемлекеттік бюджеттің шамамен 40 пайызы әлеуметтік салаға бағытталады және бұл бағыт сақталады.
Жаңа Конституция жобасында білім мен медициналық көмектің ақысыз көрсетілетіні айқын белгіленген. Бұл қызметтер бұрын да бюджет есебінен қаржыландырылып келді және алдағы уақытта да солай болады.
Сонымен қатар, қолданыстағы Конституциядағы «мемлекеттік жоғары оқу орындары» деген тіркесті алып тастау ұсынылуда. Бұл – мемлекеттік грант иегерлерінің жекеменшік университеттерде де тегін білім алу мүмкіндігін нақтылай түседі. Мысалы, КИМЭП, Университет Максута Нарикбаева, Университет Туран секілді оқу орындарында грантпен оқу тәжірибесі бұрыннан бар.
Ұсынылып отырған нормалар әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, керісінше оларды заманауи талаптарға сай нақтылап, күшейтуге бағытталған.
Сөз бостандығы және жауапкершілік
Қоғамда жиі талқыланатын тағы бір тақырып – сөз бостандығы. Жаңа Конституция жобасында бұл құқық нақты бекітілген. Сонымен қатар, сын айту құқығы мен адамның ар-намысын әдейі қорлау ұғымдарының арасы айқын ажыратылған.
Лауазымды тұлғаларды сынау – демократиялық қоғамның қалыпты құбылысы. Алайда жеке адамды кемсітуге немесе қорлауға жол берілмейді. Адамның абыройы мен қадір-қасиетін қорғау қағидасы қолданыстағы заңнамада да бар және халықаралық тәжірибеде кеңінен таралған.
Арнайы құқықтық режим: инвестицияға кепілдік
Талқыланып жатқан маңызды нормалардың бірі – арнайы құқықтық режим енгізу мәселесі. Бұл норма елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтірмейді. Керісінше, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Арнайы режимдер ірі инвестициялық жобалар үшін ұзақмерзімді кепілдік береді. Мысалы, Алатау қаласы немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығы сияқты жобалар ауқымды әрі ұзақ мерзімді инвестицияны талап етеді. Конституциялық деңгейде бекітілген кепілдіктер инвесторларға құқықтық тұрақтылық береді.
Қазіргі уақытта ғылыми қалашықтар туралы арнайы заң жобасы да қарастырылып жатыр. Бұл бастама ғылымды дамытуға қолайлы орта қалыптастыруды, жаңа жұмыс орындарын ашуды және заманауи инфрақұрылым салуды көздейді. Соның нәтижесінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы жеделдейді.
Ашық түсіндіру жұмысы – басты міндет
Жалпы алғанда, Жаңа Конституция жобасы уақыт талабына сай, прогрессивті қоғамның сұранысына жауап беретін және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нормаларды қамтиды.
Референдумға санаулы уақыт қалды. Осыған байланысты депутаттар мен қоғамдық пікір көшбасшылары өңірлерде түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, азаматтарды толғандыратын мәселелер бойынша нақты әрі жан-жақты ақпарат беруі қажет.
22.04.2026 08:52

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің...
22.04.2026 08:49

Глава государства провел встречу с Президентом Таджикистана Эмомали Рахмоном Президент Касым-Жомарт Токаев встретился с Президентом Таджикистана Эмомали Рахмоном, прибывшим в Астану...
16.04.2026 12:12

Реализация творческих проектов талантливой молодежи продолжает приносить нашему району яркие победы и заслуженное признание. Очередным поводом для гордости стал успех...
16.04.2026 12:09

Бейімбет Майлин ауданында елді мекендерді абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл іс-шаралар Қостанай облысы әкімінің халықтың өмір сүру...
16.04.2026 12:08

В районе Беимбета Майлина на постоянной основе проводится системная работа по благоустройству населённых пунктов. Данные мероприятия реализуются в рамках поручений...
16.04.2026 09:48
В Журавлевской балке состоялся первый в этом году субботник на роднике, одном из популярнейших природных источников района. К уборке территории...
16.04.2026 09:44

Биыл Бейімбет Майлин ауданы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Тарихы тереңге бойлаған бұл өңір – ел дамуына елеулі үлес қосып...
16.04.2026 09:43

15 апреля 2026 года в школе имени С. Ергалиева для учащихся 4 класса был проведён краеведческий час на тему «Жемчужина...
16.04.2026 09:42

Тобыл кентіндегі жастар саясатының негізгі бағыттары қандай және «Altyn jastar» жастар ресурстық орталығының рөлі неде? – Қазақстан жастары - ел болашағының...
16.04.2026 09:41

Военная служба во все времена была испытанием не только физической силы, но и человеческого характера. Смелость и ответственность - два...
16.04.2026 09:40

Вопросы патриотического воспитания молодежи сегодня занимают особое место в государственной политике Республики Казахстан. Глава государства К.К.Токаев неоднократно подчеркивал, что формирование...
16.04.2026 09:39

2026 жылдың 3 сәуір күні Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатындағы маңызды кездесу...
16.04.2026 09:37

В районе прошел чемпионат по волейболу среди мужских и женских команд. В соревнованиях приняли участие сборные сельских округов. Турнир стал...
16.04.2026 09:36

В современном обществе волонтёрство становится не просто добрым делом, а важной частью жизни активных и неравнодушных людей. В Международный год...
10.04.2026 13:21

️ Мемлекет басшысы: «Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз» «Бірлігімізді бекемдеп, біртұтас халық болып жарқын болашаққа нық қадам басамыз. Қасиетті Отанымыз...
10.04.2026 13:19

Касым-Жомарт Токаев: «Крайне важно придать новый импульс работе по продвижению наследия великих просветителей» «Мы по праву гордимся нашим интеллектуальным наследием. Выдающиеся...
10.04.2026 13:17

Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды «Білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса назар аударған жөн. Бұл ретте...
10.04.2026 13:14

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі» «Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты болсын деймін. Осы белгілі мереке қарсаңында...