Қазақстан теміржолы көпұлтты қоғамның ерекше үлгісін көрсетіп келеді. Түрлі ұлт өкілдерінің бір мекемеде тату-тәтті еңбек етуі – еліміздегі тұрақтылық пен ынтымақтастықтың айқын көрінісі.
Достығы берік түрлі ұлт өкілдерінен құралған ұжымның басты қағидасы – татулық. Көпұлтты ұжым бола тұра өздеріне тән ұлттық құндылықтарын жоғалтпай, бейбітшілікті жоғары бағалайтын осындай еңбек ұжымдары мемлекетіміздің мықты тірегі. Татулықты ту еткен Тобыл теміржол локомотив пайдалану айналым депосының ұжымы тіршіліктің тайқазанын қайнатқан өзге ұлт өкілдері бір үйдің баласындай жұдырықша жұмылып жұмыс істеуде. Теміржол айналым депосы – бұл пойыздардың техникалық қызмет көрсету, жөндеу және оларды сапарға дайындау жұмыстарын жүргізетін мекеме. Мұнда локомотивтер мен вагондардың техникалық жағдайы тексеріліп, қажетті жөндеу жұмыстары орындалады. Бұл мекемеде Лысенко Иван Иванович 23 жыл бойы еңбек етіп келеді. Ол «ҚТЖ – Жүк тасымалы» - «Қостанай бөлімшесі ЖТ» ЖШС филиалының Қостанай локомотив пайдалану айналым депосында мекеменің бастығының орынбасары қызметін атқаруда. Қарамағындағы 502 теміржолшымен бірге, осы салада қызмет көрсетуде. Теміржол – ел экономикасының күретамыры, ал осы саладағы басшылық қызметті атқару үлкен жауапкершілікті талап етеді. Лысенко Иван Иванович осындай маңызды міндетті абыроймен атқарып жүрген тәжірибелі мамандардың бірі. Ол теміржол мекемесінде жетекшілік етіп, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге зор үлес қосып келеді. Ол өз ісіне деген адалдығымен, кәсібилігімен және көшбасшылық қасиеттерімен әріптестері мен қарамағындағылардың құрметіне ие болды. Теміржол саласының болашағы үшін осындай басшылардың еңбегі арқасында көп ұлтты біріктірген теміржолшылар ортақ игілік жолында қызмет етуде.
- Мейірімділік пен ризашылықтың, бірлік пен татулықтың мерекесі Алғыс айту күні, халқымыздың дархан көңілі мен қайырымдылығын, бір-біріне деген құрметі мен сыйластығын дәріптейтін ерекше мереке. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, еліміздің өркендеуі мен дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға, теміржол ұжымына шынайы алғысымды білдіремін! – деп сөзін жалғастырды Иван Иванович.- Қазақстандағы барлық халықтарға, осы ұлы дала төсінде бірлігімізді сақтап, татулықта өмір сүріп жатқан барша ағайынға ризашылығымды білдіремін. Бір-бірімізге деген құрмет пен сүйіспеншілік – еліміздің жарқын болашағының негізі. Сіздерге зор денсаулық, амандық және еңбектеріңізге табыс тілеймін! Отбасыларыңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық орнасын!
Алғыс айту – жүректен шыққан ең асыл сезімдердің бірі. Адамның жан дүниесін тазартатын, жүрегін жұмсартатын, мейірімін оятатын сауапты іс. Әсіресе бір мүддеге негізделген, бір құндылықты бөліскен, бір мекенді ортақ Отан еткен адамдар арасындағы алғыс пен сыйластық қоғамның рухани тыныштығына, бауырмалдыққа жетелеп қауыштыратын амал.
Көктемнің алғашқы күні құтты болсын баршаңызға! Көктемнің жайма шуақ күніндей жандүниелеріңіз жадырай түссін! Жүздеріңіз жарық болып, күндеріңіз шаттыққа толы болсын!
14.05.2025 09:03
13 мая в районе Беимбета Майлина состоялись встречи областной ИРГ группы по разъяснению законодательства в сфере религии. Встречи прошли в...
12.05.2025 12:30
Системаа образования района Беимбета Майлина Костанайской области уверенно демонстрирует прогресс - от высокого охвата дошкольников до блестящих результатов школьников на...
12.05.2025 12:30
Қостанай облысындағы Бейімбет Майлин ауданының білім беру жүйесі сенімді түрде даму үстінде – мектепке дейінгі біліммен қамтудың жоғары деңгейінен бастап,...
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...