Еңбек адамы ұғымы кең мағынада қолданылатын ұғым. Бұл ұғым белгілі бір саланың, кәсіптің немесе өнердің дамуына жанын салып, адал еңбегімен үлес қосатын адамдарды сипаттайды. Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза, адал жұмыс істейтін, өз еңбегін маңдай терімен табатын кісі. Ол өз ісіне жанашырлықпен қарайды және оны бар ынта-жігерімен орындайды.
«Еңбек адамы» идеология ретінде жүргізілуі жастарды еңбекке баулу мәселесі өңірде да бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсібилік пен еңбекқорлықтың маңыздылығын ылғи ерекше атап өтеді. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еңбекқор адамның қадір-қасиеті жоғары екенін және еліміздің дамуы үшін еңбекқор және кәсіби мамандар қоғамдағы ең жоғары деңгейде бағалануы керек екенін айтқан болатын. Мемлекет басшысы еңбек адамдары елді гүлдендіріп, өркендететінін баса айтты.
Күнделікті өмірде ең қажет маманның бірі электр маманы. Электр желілері үзіліп немесе өзге ақау шыққанда ауыл халқына көмекке келетін маманның бірі, Тобыл торабындағы білікті электр жабдықтаушының бірі электромонтер Анькей Нұрболат, Тобыл кенті тұрғыны,1986 жылы туған, отбасылы, жұбайы, ұстаз Хайрат Айнагүлмен 3 бала тәрбиелеп отыр. Нұрболат Анькей «ЭПК-forfait» жеке шаруашылық серіктестігі Бейімбет Майлин ауданы электр станциясы Тобыл ЛМУ электр тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтер және жүргізушісі болып 2008 жылдан бері қызмет етіп келеді. Лисаков техникалық колледжінің өндіріс электр жабдықтарын күту және жөндеу электромонтеры мамандығын оқып бітірген. Уақытпен санаспай, жемісті еңбек етіп жүрген Анькей Нұрболат өңірге электр желілері арқылы келетін тоқ күшінің жан-жаққа бірдей таралуын қамтамасыз етіп отыр. Түрлі оқыс оқиғалардан туындайтын желілердің үзілуі, КТП-лардағы авариялық жағдайларды, тоқ реттегіш трансформаторларды тексеру, қалпына келтіруде қалтқысыз қызмет көрсетуде. Анькей Нұрболат өз маманына деген қызығушылығы және электр мамандығының қыр-сыры туралы айтып берді:
- Электр қуаты желісімен жұмыс істейтін мамандардың қызметі ең қауіпті жұмыстың бірі саналады. Құрылыс, өндіріс, тұрмыстық қызмет көрсету, энергетика және басқа да салаларда электриктерсіз жұмыс істеу мүмкін емес. 90 жылдары кішкентай кезімде электр жарықтары жиі сөніп, шамның жарығымен отырғанда, өскенде электрик боламын деп шештім, солай қызығушылығым артты. Электрмен жабдықтаушы болып, халыққа жарық көзін сыйлау мен үшін арман болды. Мен электр қондырғыларды жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысамын. Тоқпен жұмыс істегендіктен, ең бастысы - ол қауіпсіздікті сақтау керек және өз ісіңді жақсы көріп, жауапты болу керек. Электр маманы энергетикалық жабдықтың автоматты қорғаныс жүйесін құру бойынша жұмыстарды реттейді, орындайды. Жылдың жағдайлары мен уақытына байланысты қозғалтқыштар мен қуат блоктарының жұмыс режимдерінің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сызбалар, сызбаларды оқу, техникалық құжаттамамен жұмыс жасаймыз. Заманауи жағдайларда электр жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін электромонтерден әр түрлі салада оның ішінде физикадан білімді болу қажет. Әріптестерім Павловский Евгения, Пасиков Сергей, Фонташ Василиймен бірлесіп, халықты электрмен қамтамасыз етуде ұйымшылдықпен жұмыс жасаймыз. Еңбегіміз еленіп, Тобыл кенті әкімінің және өз мекемеміз атынан бірнеше марапатқа ие болдық.
Біздің өмірімізде энергия өте маңызды, өйткені экономиканың барлық басқа салаларының өміршеңдігі және көптеген адамдардың үйіндегі жайлылық, жылу мен жарыққа байланысты.
16.04.2026 12:12

Реализация творческих проектов талантливой молодежи продолжает приносить нашему району яркие победы и заслуженное признание. Очередным поводом для гордости стал успех...
16.04.2026 12:09

Бейімбет Майлин ауданында елді мекендерді абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл іс-шаралар Қостанай облысы әкімінің халықтың өмір сүру...
16.04.2026 12:08

В районе Беимбета Майлина на постоянной основе проводится системная работа по благоустройству населённых пунктов. Данные мероприятия реализуются в рамках поручений...
16.04.2026 09:48
В Журавлевской балке состоялся первый в этом году субботник на роднике, одном из популярнейших природных источников района. К уборке территории...
16.04.2026 09:44

Биыл Бейімбет Майлин ауданы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Тарихы тереңге бойлаған бұл өңір – ел дамуына елеулі үлес қосып...
16.04.2026 09:43

15 апреля 2026 года в школе имени С. Ергалиева для учащихся 4 класса был проведён краеведческий час на тему «Жемчужина...
16.04.2026 09:42

Тобыл кентіндегі жастар саясатының негізгі бағыттары қандай және «Altyn jastar» жастар ресурстық орталығының рөлі неде? – Қазақстан жастары - ел болашағының...
16.04.2026 09:41

Военная служба во все времена была испытанием не только физической силы, но и человеческого характера. Смелость и ответственность - два...
16.04.2026 09:40

Вопросы патриотического воспитания молодежи сегодня занимают особое место в государственной политике Республики Казахстан. Глава государства К.К.Токаев неоднократно подчеркивал, что формирование...
16.04.2026 09:39

2026 жылдың 3 сәуір күні Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатындағы маңызды кездесу...
16.04.2026 09:37

В районе прошел чемпионат по волейболу среди мужских и женских команд. В соревнованиях приняли участие сборные сельских округов. Турнир стал...
16.04.2026 09:36

В современном обществе волонтёрство становится не просто добрым делом, а важной частью жизни активных и неравнодушных людей. В Международный год...
10.04.2026 13:21

️ Мемлекет басшысы: «Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз» «Бірлігімізді бекемдеп, біртұтас халық болып жарқын болашаққа нық қадам басамыз. Қасиетті Отанымыз...
10.04.2026 13:19

Касым-Жомарт Токаев: «Крайне важно придать новый импульс работе по продвижению наследия великих просветителей» «Мы по праву гордимся нашим интеллектуальным наследием. Выдающиеся...
10.04.2026 13:17

Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды «Білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса назар аударған жөн. Бұл ретте...
10.04.2026 13:14

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі» «Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты болсын деймін. Осы белгілі мереке қарсаңында...
10.04.2026 13:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения ученых
09.04.2026 12:18

В период прохождения паводка район Беимбета Майлина с рабочей поездкой посетил аким Костанайской области Кумар Аксакалов. Глава региона ознакомился с...