Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Бұл дегеніміз – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны.
Қай дәуірде болсын, Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келген. Өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы. Былтыр әскерге аттанған Тобыл тұрғыны Джанабаев Алибек Мұратұлы өз міндетін абыроймен аяқтап, қазір нағыз ер азамат, ер жүрек патриот сарбаз болып оралды. Халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген өшпес өсиет қалдырды. Бұл өсиет әр сарбаздың көкейге түйетін қағидасына айналуы тиіс. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауы, көк аспанымыздың көк туымыздың жарқырауы да – осы сарбаздарға байланысты. Әскери міндетті адал орындау арқылы олар кейінгі жастарға үлгі болуда. Әскери борышты өтеу –үлкен сын. Сол сыннан сынбай, ел қауіпсіздігі үшін қызмет етіп, абыроймен оралған сарбаз Алибек Мұратұлы Тобыл кентінде еңбек етуде. Джанабаев Алибек Мұратұлы Тобыл жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбынан кейін, Қостанай жоғары политехникалық колледжінің «Сандық ақпарат бойынша маман» грантына түсті. Қосымша «Тарату құрылғылары жөніндегі электр монтаждаушы» мамандығын оқыған. Колледж бітірген жылы, яғни 2023 жылы әскер қатарына алынған. 6697 әскери бөлімде әскери борышын өтеді. 2024 жылы маусым айында елге оралып, дипломы бойынша теміржолдың электр жүйесінде жұмыс жасады. Одан жүргізуші куәлігін алды. Сонымен қатар биыл «Электровоз машинисінің көмекшісі» курсын бітіріп, Тобыл станциясындағы «D-RaiL» теміржолына «Электровоз машинисі көмекшісі» болып, еңбек етуде. Алибек Мұратұлы «Халықаралық көліктік- гуманитарлық университетінің «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығына түсіп қашықтықта оқуын жалғастыруда.
– Қазақстан Республикасы Конституциясындағы маңызды міндеттердің бірі – Отан алдындағы борышты өтеу. Қазіргі таңда әскери бөлімшелер жаңа киімдермен, жаңа әскери техникалармен қамтамасыз етілген. Жылы казармалар, спортпен шұғылдануға, демалыс күндерін тиімді өткізуге мүмкіндіктер қарастырылған. Қазақ «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» деген жақсы сөз бар. Бір әулеттің ғана емес, халықтың ұлы болу – кез келген ер азаматтың арманы. Отан алдындағы борышын өтеп, әскер қатарына қосылу – нағыз азаматтықтың белгісі. Мұны жүрегі қазақ деп соққан әрбір жастың түсінері анық. Алға қойған арманым көп. Соның бірі – өз еркіммен Отан алдындағы борышымды адал өтедім. Әскер – бізді шынықтырады, шыңдайды. Әскери тәртіптің адам баласына әсер ету маңыздылығы жоғары. Біріншіден жеке тұлғаның өзіне-өзі жауап бере алуы. Екіншіден – тазалық мәселесі. Адамның өзіне ғана ұқыпты болуы аздық етеді. Әскерге барып борышын өтеген әрбір азаматтың бойында жігітке тән сабырлы мінезбен қатар, адами құндылыққа сай жақсы қасиеттер қалыптасады.
Үшіншіден – сөзден іске көшу. Патриоттық тәрбие жолында жасақталған әрбір сарбаздың бойында қалыптасатын тағы бір қасиет – іске көшу. Сөздің бос екенін түсіну, әрекет болмай қарекет болмайтынын сезіну. - дейді Алибек Мұратұлы.
Ефрейтор Джанабаев Алибек Мұратұлы Отан алдындағы борышын адал және абыроймен атқарғаны үшін, қызметке адал көзқарасы, жауынгерлік қызметті атқару кезінде қырағылық, табандылық және шеберлік іс-қимылдары үшін әскери бөлім атынан Мадақтама, Алғыс хатпен марапатталған. Су тасқыны кезінде, төтенше жағдайлардың алдын алу және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек еткен Джанабаев Алибек Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Әскери борыш – ардың ісі. Отан қорғау, ел мен жерді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай болашаққа жеткізу – ерлердің ісі. Ал, нағыз ер азамат ел алдындағы міндетін абыроймен атқарып, кез-келген уақытта қасқайып тұруы қажет. «Мен барша азаматтарды Отан алдындағы борышын өтеуге шақырамын. Отан қорғау - әр азаматтың міндеті әрі борышы», - дейді Алибек Мұратұлы.
22.04.2026 08:52

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің...
22.04.2026 08:49

Глава государства провел встречу с Президентом Таджикистана Эмомали Рахмоном Президент Касым-Жомарт Токаев встретился с Президентом Таджикистана Эмомали Рахмоном, прибывшим в Астану...
16.04.2026 12:12

Реализация творческих проектов талантливой молодежи продолжает приносить нашему району яркие победы и заслуженное признание. Очередным поводом для гордости стал успех...
16.04.2026 12:09

Бейімбет Майлин ауданында елді мекендерді абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл іс-шаралар Қостанай облысы әкімінің халықтың өмір сүру...
16.04.2026 12:08

В районе Беимбета Майлина на постоянной основе проводится системная работа по благоустройству населённых пунктов. Данные мероприятия реализуются в рамках поручений...
16.04.2026 09:48
В Журавлевской балке состоялся первый в этом году субботник на роднике, одном из популярнейших природных источников района. К уборке территории...
16.04.2026 09:44

Биыл Бейімбет Майлин ауданы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Тарихы тереңге бойлаған бұл өңір – ел дамуына елеулі үлес қосып...
16.04.2026 09:43

15 апреля 2026 года в школе имени С. Ергалиева для учащихся 4 класса был проведён краеведческий час на тему «Жемчужина...
16.04.2026 09:42

Тобыл кентіндегі жастар саясатының негізгі бағыттары қандай және «Altyn jastar» жастар ресурстық орталығының рөлі неде? – Қазақстан жастары - ел болашағының...
16.04.2026 09:41

Военная служба во все времена была испытанием не только физической силы, но и человеческого характера. Смелость и ответственность - два...
16.04.2026 09:40

Вопросы патриотического воспитания молодежи сегодня занимают особое место в государственной политике Республики Казахстан. Глава государства К.К.Токаев неоднократно подчеркивал, что формирование...
16.04.2026 09:39

2026 жылдың 3 сәуір күні Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатындағы маңызды кездесу...
16.04.2026 09:37

В районе прошел чемпионат по волейболу среди мужских и женских команд. В соревнованиях приняли участие сборные сельских округов. Турнир стал...
16.04.2026 09:36

В современном обществе волонтёрство становится не просто добрым делом, а важной частью жизни активных и неравнодушных людей. В Международный год...
10.04.2026 13:21

️ Мемлекет басшысы: «Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз» «Бірлігімізді бекемдеп, біртұтас халық болып жарқын болашаққа нық қадам басамыз. Қасиетті Отанымыз...
10.04.2026 13:19

Касым-Жомарт Токаев: «Крайне важно придать новый импульс работе по продвижению наследия великих просветителей» «Мы по праву гордимся нашим интеллектуальным наследием. Выдающиеся...
10.04.2026 13:17

Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды «Білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса назар аударған жөн. Бұл ретте...
10.04.2026 13:14

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі» «Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты болсын деймін. Осы белгілі мереке қарсаңында...