Қазақстан - тұрақты экономикалық өсімі бар, қоғамдық келісім мен орнықты саяси жағдайы қалыптасқан көп ұлтты және көп конфессиялы ел болып табылады. Еліміз өзінің алдына қойған мақсатына үшін дүние жүзіндегі дамушы мемлекеттер қатарына жету жолына нық қадам басуда. Дүние жүзілік аренада еліміздің айрықша орын алуына көз тігуші мемлекеттер қатары көбеймесе азаймағанын бәріміз білеміз.
Міне осындай елімізді әлсірету үшін көптеген себептер баршылық. Соның қауіптісі – терроризм. Терроризм - бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды. Теміржол объектілеріндегі террористік актілер, жарақат алу, инфрақұрылымның бұзылуы және қоғамдық тәртіптің бұзылуы сияқты ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Тікелей салдардан басқа, мұндай оқиғалар халық арасында дүрбелең мен қорқыныш тудыруы мүмкін, сонымен қатар экономика мен әлеуметтік тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан қауіпсіздіктің тиімді шаралары мен терроризмге қарсы стратегияларды дамыту және жүзеге асыру оқиғалардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Тобыл теміржол желілік полициясы мектеп оқушыларымен, жастармен кездесу өткізіп тұрады. «Терроризм туралы не білеміз», «Терроризм- және оның зардаптары» атты оқушыларға терроризм туралы тарихи және саяси құбылыс ретінде түсіндіріп, жастарды осындай жат діни ағымдардан аулақ болуға алдын алуда. Тәрбие сағатының мақсаты терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, сақтана білуді үйрету, жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық сипаттарын ұғындыра отырып, террорлық, лаңкестік бағытта арандатуға жол бермеуді үйрету болып табылады.
- Қазіргі уақытта Көліктегі қауіпсіздік біздің өміріміздің маңызды аспектілерінің бірі. Террористік қауіп-қатерлерге байланысты теміржол көлігі объектілеріндегі қауіпсіздікке ерекше назар аудару керек. Террористік ұйымдардың негізгі мақсаттары - әртүрлі діни ұйымдарды пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану. Сондықтан мектеп жасындағы оқушыларға қазіргі таңда туындап отырғаны мәселелер туралы білім беретін мекемелерде дінді дұрыс бағытта оқытып, діни сауаттылығын арттыруда, мұғалімдер және ата-аналармен осы тақырыптарда әртүрлі шаралар өткізіп отырамыз. Себебі, діни сауаты төмен әрбір азамат діни секталарға қосылып кетуі мүмкін. Біздің жұмысымыздағы теміржол көлігіндегі қауіпсіздік - бұл әркімнің назарын және қатысуын қажет ететін қоғамдық іс. Сондықтан қауіпсіздік шаралары мен бірігіп әрекет ету террористік актілердің алдын алудың және теміржол жүйесіндегі барлық жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторлары болып табылады.- дейді Тобыл теміржол станциясы желілік полиция бөлімінің бастығы Бисенов Наурызбек Жұмағалиұлы.
Терроризмнен сақтану бағытында қазіргі кездері бүкіл әлем болып күрес жүргізуде. Бірақ әртүрлі ұйымдар, топтар адамзат өміріне қатер төндіруін тоқтатар емес. Сол себептен де бүкіл әлем болып терроризмге қарсы күрес жүргізу құптарлық іс екендігі айтпаса да белгілі.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...