Екінші дүниежүзілік соғыста Отан үшін аянбай айқасса да, аты аталмай ерлігі мойындалмаған батырлар көп болды. Солардың бірі қанды қырғын майданда фашистерге тойтарыс берген, сұм соғыстың нүктесін қойған, Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ азаматы Рақымжан Қошқарбаев еді. Әйтсе де, Берлин шабуылының қаһарманы, Рейхстагқа ту тіккен Ұлы Отан Соғысының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі 62 жылдан соң ғана мойындалды. Туды тігу үшін басын бәйгеге тікті, қауіпке қарамады, зулаған оқты елемеді. Оның ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Тобыл селолық кітапханасы және «Думан» Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл мерейтойына арналған «Ерлік- ұрпаққа ұран, ұлтқа өнеге» атты тарихи кеш өтті. Кешке жастар мен мәдени қызметкерлер қатысып, Рақымжан Қошқарбаев туралы оқыған түйгендерін ортаға салды. Кітапханашылар «Ерлігі ұрпаққа үлгі» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Тайтөбе ауылында дүниеге келген. Әскер қатарына 1942 жылы алынып, 1944 жылы Фрунзедегі жаяу әскер училищесін бітірді. Майдан даласына да осы жылы аттанған. Ашуды ақылға жеңдіру, сабыр сақтау – мұның барлығын Рақымжанға өмір мектебі үйретті. Ол өте зерек болды. Интернатта білім тоқыған Рақымжан бозбала шағында Балқашқа Фабрика-зауыт училищесіне аттанады. Күндіз білім, кешке өндіріс, әрі оқу әрі жұмыс істеді. Балқашта Рақымжан Қошқарбаев қоғамдық жұмысқа көп араласатын өнерлі шәкірттердің бірі болды. Бірде мандалина тартып жұртты үйіріп, бірде мұз бетінде ұршықша иіріліп коньки тепті. Қауіп төнгенде ойланбастан бұзып жарар әрекет ететін. Осындай ерекшеліктері оны батыр етті. Ерлік жасауға итермеледі. Ол әділетсіздікпен күресті. Дәл осы қасиеттері Рақымжан Қошқарбаевты соғыс алаңдарында да талай қауіпті сынақтарға сүйреледі. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры атақ сұрамады. Бұхара халық та батырын білмеді. Бауыржан Момышұлы араласып, Рақымжан Қошқарбаев тағдырын жаңадан бастап бермегенде, бұл жағдай осылай жалғаса берер ме еді, кім білсін... Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылдың 30 сәуірінде жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстагқа Кеңес одағының туын тіккен болатын. Ол осы ерлігі арқылы сұрапыл соғысқа нүкте қойды...
Шындығында, Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа дейінгі 300 метр қашықтықты 7,5 сағат жүріп өткен. Межеге жеткен кезде ту барынша жоғары желбіресін деп, Григорий Рақымжанды иығына салып көтеріпті. Бұл оқиғаны тіпті американдық «Нью-Йорк таймс» газеті де жазған. 1945 жылдың 1 мамырындағы санында басылым Гитлер режимінің құлағандығын және Рейхстагқа лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатовтың ту тіккендігін айтады. Тек араға алпыс жылдан астам уақыт салып, Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі ақыры мойындалды. Өкініштісі, батырдың көзі тірісінде КСРО тарапынан оған лайықты құрметтің көрсетілмеуі ғана. Рақымжан Қошқарбаев 1988 жылдың 10 тамызында дүниеден өтті. Араға он бір жыл салып, 1999 жылы оған Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы берілді. Бұл ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Қазақ батырының ерлігі осылайша ұлықталды.
Бүгінгі таңда Рақымжан Қошқарбаевқа қатысты мұрағат құжаттары ашылып, Берлин операциясы туралы толыққанды ақпарат тарих беттерін толықтыра бастады. Қошқарбаев есімі көше, мектеп, ауылдарға беріле бастады. Ал Астана қаласының орталық көшелерінің біріне батырдың есімі берілді.
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...