Бүгінде татулығын ту етіп, ынтымағын жарастырған жасампаз мемлекетімізге қызыға да, қызғана да қарайтындар аз емес. Әсіресе, бірлікті «бағым» деп бағалаған халықтың біртұтастығы талайларға үлгі болуда. Әрине, бір шаңырақтың астына бірнеше ұлттың басын біріктіріп, берекесін кіргізу кез келген мемлекеттің қолынан келе бермейтіні белгілі. Ал бір мекемеге сан ұлт өкілдерін қызметке алып, жұмыстың жүйесін табу өз алдына үлкен ерлік.
Міне, сондай көпұлтты ұжымды сүттей ұйытып отырған теміржол мекемесінің бірі – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» «Қостанай бөлімшесі-ЖТ» ЖШС филиалының Қостанай локомотив пайдалану айналым депосы ТД-9 Тобол
Еңбеккерлер қазақ, орыс, украин, белорус пен шешен, татар әр түрлі ұлттар мұнда қызмет етіп, теміржол саласының өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" "Қостанай бөлімшесі-ЖТ" ЖШС филиалының Қостанай локомотив пайдалану айналым депосы бастығының орынбасары Лысенко Иван Ивановичтың айтуынша, бұл ұжымда ең алдымен бірлік бәрінен биік тұрады екен.
– «Бірлік түбі – береке» деген қағиданы біздің қызметкерлер берік ұстанады. Теміржолға бір адамды жұмысқа аларда оның ұлты мен тегіне емес, шеберлігі мен қабілетіне баса көңіл бөлеміз. Сондай-ақ басшылық қызметке өсіруде де еңбеккердің туған жері емес, төккен тері есепке алынады. Біз көпұлтты мемлекетпіз. Бір шаңырақ астында сонау заманнан бері тату-тәтті, бір-бірімізге жанашыр болып өмір сүріп келе жатырмыз. Біздің ұжымның қызметкерлері де бірлік пен татулықтың арқасында ұзақ жылдар бойы тұрақты еңбек етіп келеді. Әркімнің ұжымда алар орны ерекше. Ешкімді шектемейміз. Жұмысқа жауапкершілікпен қарайтын, тапсырманы уақытылы орындайтын жандар. Барлығы да қарапайым, ақкөңіл, әріптестері арасында сыйлы азаматтардың қатарында. Алдағы уақытта да осы қалпымыздан танбай, еліміздің көркеюіне атсалыса береміз деп ойлаймын, - дейді мекеме басшысы Лысенко Иван Иванович.
Иә, татулықты ту етіп, теміржол саласында тіршіліктің тайқазанын қайнатқан өзге ұлт өкілдері бір үйдің баласындай жұдырықша жұмылып жұмыс істеуде. Олар: Багиров Владислав Файзович, Гуменюк Александр Константинович, Гаджиев Артем Ибрагимович, Кодзоева Любовь Идрисовна, Нургалиев Кенжевек Ермуханович, Головин Игорь Викторович, Сулейменов Махмуд Мардалиевич, Клингис Эдуард Ромасович, Балабан Федор Константинович, Глазунов Владимир Михайлович, Кноль Сергей Иванович, Еньшин Александр Васильевич, Минтагиров Валерий Якубович, Литвинова Лариса Александровна. Достығы берік түрлі ұлт өкілдерінен құралған ұжымның басты қағидасы – татулық. Көпұлтты ұжым бола тұра өздеріне тән ұлттық құндылықтарын жоғалтпай, бейбітшілікті жоғары бағалайтын осындай еңбек ұжымдары мемлекетіміздің мықты тірегі. Бірлік күнімен барша қазақстандықтарды, жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бірлігі бекем, тірлігі көркем болып отырған теміржол ұжымының жұмысы әрдайым жемісті болсын деп тілейміз.
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...
10.11.2026 12:53

Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан запустило интеллектуального помощника AI TALDAU в обновлённой информационно-аналитической системе...
06.11.2026 14:25

Мемлекет басшысының экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға және отандық өндірісті қолдауға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында Юбилейное ауылында «KST BETON 2022»...
06.11.2026 14:24

В рамках реализации поручений Главы государства, направленных на развитие экономики, привлечение инвестиций и поддержку отечественного производства, в селе Юбилейное был...