Әр көктемнің шырайына шырай беретін, барлық жерлер түрленетін, бір ғажайып күйге енетін, аналарымыз мейірлене, әжелеріміз күлім қағып, қыздарымыз, аруларымыз сұлуланып көктемнің бүкіл дүниежүзі бойынша тойланатын көктемнің ең алғашқы ауқымды мерекесі ол әрине - 8 наурыз, «Халықаралық әйелдер» күні.
Бұл күнді тойламау мүмкін емес, 8-наурыз дегеннен-ақ әкелеріміз бен аға-іні, бауырларымыз өзіне жақын жандарды осы мерекемен құттықтап, жүректен шыққан ақ тілектері мен сыйлықтарын ұсынып жатады. Бұл әрине көңілге қуаныш ұялатады. Тіпті қыз-келіншектер мен ақ жаулықты аналар, әжелер, кішкентай қыздар, бүлдіршіндер барлығы да дерлік бір-бірлерін, жақындарын осы атаулы мерекемен құттықтап, сыйлықтарын ұсынып жатады. Бүгінгі кейіпкеріміз теміржолшы Авгонова Гульмира Бультриковна жайында болмақ. Гульмира Бультриковна Темір жол саласында 19 жыл 3 ай еңбек еткен. Тобыл локомотив сервис орталығының аудармашысы, Тобыл локомотив сервис орталығының кадрлар бөлімінің менеджері, Қостанай пайдалану локотив депосынын кадрлар бөлімінің маманы, Қостанай пайдалану вагон депосының кадрлар бөлімінің менеджері, Қостанай пайдалану локотив депосынын кадрлар бөлімінің бастығы, 2020 жылдан бастап Тобыл жол дистанциясының кадрлар бөлімінің менеджері болып қалтқысыз қызмет етті. Авгонова Гульмира Локомотив сервис орталығы АҚ Президентінің Құрмет грамотасы, Қостанай облыстық «Аманат» партия төрағасының Алғыс хаты, Құрмет грамотасы, Тобыл локомотив сервис орталығы директорының алғыс хатымен марапатталған.
- Әкем ауыл шаруашылығында еңбек етті. Денсаулығына байланысты кейін мектепте трактор пәнінен сабақ берді, завхоз болды. Содан кейін ауылдың өрт сөндірушісі болып еңбек етті, Анам темір жолда жұмысын бастады жол жөндеуші болып. Кейін ауыл асханасында аспаз болын еңбек етті. 6 бала тәрбиелеп өсірді. Балаларын оқытып тәрбие берді. Мен Рудный музыкалық колледжінің «Домбыра-тенор мамандығы» бойынша оқып бітірдім, одан кейін Қазақстан-Ресей университетінің « Психология» мамандығы бойынша білім алдым. Теміржол саласына жұмысқа орналастым. Ең бірінші басшымыз Байнакатов Салават Жабаевич деген кісі болды. Жұмыстын мән-жайын түсіндіріп, хаттамаларды әдемі сапалы жасап шығаруды үйретті. Ал кадрлық жұмысты жақсы жасау тәсілдеріне үйреткен Шынғысова Айгуль Асенжановна, кейін жұмысымда көп көмек көрсеткен Байтакова Сауле Турмарзиевна мен локомотив депосының еібек еткенде көмектескен Исмагамбетова Зухра Кенесовна аға-апаларыма алғысым шексіз. Бауырларым мен нағашыларым осы теміржолда еңбек етті. Сондықтан ауырда болса, қызықты теміржол саласында қызмет жасауға қызығушылығым артты.
8 Наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын. Баршаңызға тілейтінім дендеріңіз сау болсын, өмірде бақытты жұмыста табысты болындар. Аспанымыз ашық болсын. Қазақстанымыз гүлденіп жайнай берсін.
барлық аналар мен қыз-келіншек, әпке-сіңілілерді, ұстаз апайлар мен түрлі сала мамандығында жұмыс жасайтын әйелдер мен қыздар қауымын осы ерекше де тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, саулық тілей отырып, «Гүл көктемдей жайнаңыздар әрдайым, Көңілдерде шаттығы көп, жоқ уайым. Жүздеріңіз балбұл жанып, күлімдеп, Бұл өмірді сүріңіздер балдайын» дегім келеді...- деп, Авгонова Гульмира Бультриковна өз құттықтауын жеткізді.
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...
10.11.2026 12:53

Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан запустило интеллектуального помощника AI TALDAU в обновлённой информационно-аналитической системе...
06.11.2026 14:25

Мемлекет басшысының экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға және отандық өндірісті қолдауға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында Юбилейное ауылында «KST BETON 2022»...
06.11.2026 14:24

В рамках реализации поручений Главы государства, направленных на развитие экономики, привлечение инвестиций и поддержку отечественного производства, в селе Юбилейное был...