Ауған соғысы... қазақ отбасыларын қайғылы хабармен есеңгіретіп, қанша қазақ сарбаздарының жүректерінде мәңгілік жара болып қала берді.
Ауғанның жеріндегі жауынгерлердің ерен еңбегін еске алу мақсатында Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Тобыл селолық кітапхана қабырғасында Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл толуына арналған Ауған соғысы ардагерлерінің бірі Исенов Жараспай Бакчанұлымен әсерлі кездесу кеші өтті.
Исенов Жараспай Бакчанұлы Тобыл тұрғыны, осы жерде туып өскен. Тобыл жалпы бірім беретін мектебінде 10 жыл оқып, Карталыда электровоз машинисі мамандығын оқыған. Одан кейін Кеңес Армиясы қатарына шақырып, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан шекара бөлімінде әскерде болған. Әскерде жүріп, Отар әскери бөлімінде жүргізуші механигіне оқыған. Одан Қытай шекарасында әскери борышын өтеп жүргенде, 1984 жылы көктемде Ауғанстанға жіберген. Ауған соғысынан келгеннен кейін теміржолда жұмыс жасаған. Кейін Сібірге кетіп, Байкал Амур Магистралында жастармен бірге жұмысқа аттанған. Кеңес Үкіметі тарағаннан кейін Тобылға келіп элеваторда, теміржолда жұмыс жасаған. Қазір зейнеткер. Жұбайы, 2 баласы, 4 немерелері бар. Әскери борышын үлгілі орындағаны үшін екі медальмен және КСРО үкіметінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Кездесуде ардагерлер Жараспай Бакчанұлы өз бастарынан өткен оқиғаларды ерекше тебіреніспен айтты. Қарт жауынгердің әңгімесінен әсерленіп шыққан жас балалардың көзінен ерекше ұшқын да байқалды. Олардың Отанға деген патриоттық сезімдері ерекше байқалды. Жауынгер сөзі жас буынның санасына ой салды, жүрегіне жетті. Басты мақсат та сол еді! Кездесуге келген қатысушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоя отырып, өздеріне керемет әсер қалдыратындай жауаптар алды.
Иә, болашаққа қадамды нық басу үшін өткенімізді өшірмей, ерлігімізді жәдігердей сақтауымыз қажет. Мұндай іс-шараның өскелең ұрпаққа берер тағылымы мол.
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...
10.11.2026 12:53

Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан запустило интеллектуального помощника AI TALDAU в обновлённой информационно-аналитической системе...
06.11.2026 14:25

Мемлекет басшысының экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға және отандық өндірісті қолдауға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында Юбилейное ауылында «KST BETON 2022»...
06.11.2026 14:24

В рамках реализации поручений Главы государства, направленных на развитие экономики, привлечение инвестиций и поддержку отечественного производства, в селе Юбилейное был...