Өмірзақов Елубай - ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, актер, тұңғыш халық әртісі. Талантты актер Елубай Өмірзақов 1899 жылы Қостанай облысы Таран ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. Болашақ актердің талантын танып, өнерге баулыған әрі оны оқуға үйреткен сол кездері (1914) ауыл ұстазы, жазушы-драматург болған Б.Майлин. Елубай - Өмірзақтың тоғыз баласының бірі. Ал Жайылғанұлы Өмірзақ Жаппас руынан,
Дарынды жас 1919 жылы «Қызыл керуен» труппасының жұмысына белсене атсалысып, өзінің бойындағы талант ұшқынын айналасындағыларға көрсеткен. Ол қаршадайынан елдегі ойын-сауық пен ән-күйдің ұйытқысы болып, халық өнерінің бай мұрасын бойына молынан дарытып өскен. Сондықтан да Бейімбет Майлин келешек өнер адамының талантын ерте танып, оны баулыған және оқуға тартқан. Шығармашылық қызметін Бейімбет Майлиннің кейіпкерлерін сахнаға шығарумен бастаған. Бала кезінде-ақ, Б.Майлиннің «Қаламқас» атты пьесасында екі рөлді қатарынан иемденді. Жоғарыда аты аталған кітаптан үзінді келтірер болсақ: «Өмірге көзімді ашып, үлкен өнер жолына түсуіме себепші болып жәрдемін тигізген адам – марқұм Бейімбет Майлин. Бейімбет мені 1921 жылы Қостанайдағы милициялар даярлайтын 6 айлық курсқа жіберді. Оқуды бітірісімен, Енеске келіп қызмет істедім. Ал жұмыстан қолым бос кездерімде мектеп оқушылары арасында көркем үйірме ұйымдастырып, ойын-сауық кештерін өткізіп жүрдім. Бейімбеттің мені елде бастаған үйірмеден үлкен сахнаға дейін сүйреген өлшеусіз көмегін айтып жеткізе алмаспын», - деп ағынан жарылады. Жас дарын иесінің даналығын көре білген ұлтымыздың ұлағатқа бай перзенті Бейімбет Майлин бозбала Елубайдың өнердегі тұсауын кесіп, келешекте халқына Елаға болып танылуына ерекше үлес қосқанын оның өмір жолынан-ақ көруге болады.
Қазақ өнері үшін туылған талант иесінің өнердегі жолы уақытында бағаланды. 1931 жылы қазақ сахна шеберлері қатарынан режиссер Жұмат Шанинмен бірге театрдың бес жылдық мерекесіне байланысты Елубай Өмірзақов республиканың тұңғыш халық артисі атағына ие болды. Бұл құрметті атақ музыка мен хореография, театр мен кино, эстрада мен цирк өнерін дамытуға айрықша үлес қосқан адамдарға берілген.
1938 жылы шыққан «Амангелді» фильмі Қазақстан тарихындағы алғашқы дыбысты көркем фильм болатын. Ол қазақ кино өнерінің тарихында өзіндік орынға ие фильмнің басты рөлі Амангелді бейнесін тұтастықта бере алды. Ұлттық драматургия негізіндегі қойылымдардағы сомдаған сахналық бейнелері актердің көркемдік биік жетістіктері болып қалды.
Елубай Өмірзақовтың басынан өткізген өмір тәжірибесінің екінші бір шыңы – халықтың ауыз әдебиеті мен ән байлығы. Ән айтуға ыңғайы бар Елубай қолына домбыра алған күннен бастап той-думанда бұрынғы халық жыршыларының дәстүрі бойынша жыр, ән айтқан. Ұзын саны 200-ге жуық сахналық бейнелер жасаған актер өнерінің даму белестері де өзгеше.
Елубай Өмірзақовтың фильмографиядағы жолы қазақтың тұңғыш көркем фильмінен басталып, 20-дан аса фильмге түскен. Өнер жолына жан-тәнімен берілген Елубай Өмірзақов рөл таңдамайды, режиссер ұсынғандарды үлкен-кіші демей барын салып ойнаған. Оның бейнесін қазақтың белгілі режиссері Шәкен Аймановтың фильмдерінен көбірек байқаймыз. Уақытында Шәкен Аймановпен де «аға-іні» болып сыйласқан.
Ал 1966 жылы шыққан «Атамекен» фильмін көрмеген жан кем де кем шығар. Бұл фильмде соғыстан кейінгі халықтың жағдайы, қайғы-қасіреті баяндалады. Елубай Өмірзақов фильмдегі негізгі кейіпкер қарттың рөлін шебер ойнайды. Актер көзімен, жәй қимыл-қозғалысымен, мимикасымен кейіпкерінің мінезін, ішкі табиғатын, ішкі сезім-дүниесін, дене бітімін дәл жеткізіп суреттейді.
Бар саналы ғұмырын өнер деген киелі ұғымға қызмет етуге арнаған тұлғаның еңбегі еленіп, 1952 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты мәртебелі атағы берілді. Ал 1968 жылы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алады. Қазақ өнері үшін туылған талант иесі 1974 жылы өмірден озды. Төсек тартып, дәм-тұзының таусыларын біліп жатқан қария жан досын да естен шығармаған. Ол өзін өнердегі сүйікті інісі Шәкен Аймановтың қасына жерлеуге өтініш жасайды. Өтініші орындалып Алматы қаласындағы Райымбек ата қасындағы қауымда қазақтың жақсы-жайсаңдарының қасына жерленген. 1975 жылы Алматы қаласында ол тұрған үйге (Қабанбай батыр көшесі, 89-үй) мемориалдық тақта орнатылып, актер есімімен көше (бұрынғы 14-линия) аталған. 1980 жылы кезінде өзі іргетесын қалауға атсалысқан Қостанай облыстық филормониясына Елубай Өмірзақов есімі беріледі. Тек қана облыс емес сол облыстағы Таран ауданының мәдениет үйі де өнер саңлағының атымен аталады. Биыл 2024 жылы қазақтың ұлттық сахна өнерінің айбарына айналған актердің туғанына 125 жыл. Елубай Өмірзақовтың атақ-даңқы бір басына жетеді, дегенмен айтулы актердің өмір жолын, ерен еңбегін насихаттау қазіргі жас мамандарға үлгі болмақ. Көз алдымызда, көңілімізде де, көкейімізде де оның сан жылдарға ұласар кесек бейнесі, ол сомдаған кейіпкерлер жүр. Елубай Өмірзақов қазақ театр өнерінің жарқын рәмізіндей күні бүгінге дейін ұлттық рухымыздың еңсесін көтерер ірі тұлғалардың бірі әрі қазақтың тұңғыш халық әртісі ретінде театр тарихында мәңгі қала бермек.
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...
10.11.2026 12:53

Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан запустило интеллектуального помощника AI TALDAU в обновлённой информационно-аналитической системе...
06.11.2026 14:25

Мемлекет басшысының экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға және отандық өндірісті қолдауға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында Юбилейное ауылында «KST BETON 2022»...
06.11.2026 14:24

В рамках реализации поручений Главы государства, направленных на развитие экономики, привлечение инвестиций и поддержку отечественного производства, в селе Юбилейное был...