«Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» - деген екен әйгілі жазушы Мәлік Ғабдуллин. Бұл сөз құрметті мамандық иесі саналатын ұстаздың бүкіл болмысын байқатып, қадірін арттырып тұрғандай. Осындай өнегелі ісімен, білім беру шеберлігімен ерекшеленген ұстаздың бірі Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл кентінде тұрады. Үлгілі ұстаз, «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, биология пәнінің білгірі,шебер- ұстаз Гульнар Расуловна.
Қазіргі таңда, шәкірттерінің сүйікті ұстазы,әріптестерінің ақылшысы, биология пәнінің педагог -шебер мұғалімі, Г.Алиева білім беру саласында жемісті еңбек етеді. Ұстаздық қызметте 20 жылдай жүріп, ұлағатты ұстаз, білікті басшы деңгейіне көтерілді. 2021 жылдан бастап Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің мектеп басшысы қызметін атқаруда.
Биология пәнін жетік білетін теориялық білімі мол, үнемі ізденісте жүретін ұстаз – cаясы кең бәйтерек сынды. Сондай-ақ, дарынды оқушыларды қалыптастыруда өзіндік орны бар талапшыл ұстаз егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, интеллектуалдық деңгейі биік, азамат тәрбиелеуге бар күш-жігерін жұмсауда. Гульнар Расуловна ұстазға тән өз замандастарына да өнеге тәрізді. Өне бойы ізгілікке толы жанға қарап ұстаз бақыты деген осы дерсің.
Мінекей,Гүлнар Расуловна тынымсыз ізденіс пен іскерліктің, зор еңбектің нәтижесінде осындай үлкен жетістіктерге ие болды. Соңғы жылдарда (2018 жыл) «IAN AMOS COMENIUS» медалі, (2019 жыл) «Қазақстанның үздік ұстазы» ордені , (2019 жыл) Қ.И.Сәтбаев атындағы орденімен марапатталды. Гульнар Расуловна Нұр-Сұлтан қаласындағы «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым академиясының» мүшесі. (2019 жыл) «Көшбасшы педагог-2019» Ұлттық сертификат иегері, Нұрсұлтан қаласы, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хаты адал еңбекке берілген лайықты баға.
Гүлнар Расулқызы –өз пәнін жетік меңгерген, әр балаға білімді ғылыми түрде нақты түсіндіре отырып, оқушының қызығушылығын арттыруды көздейді. Шәкірттері аудандық, облыстық және республикалық дәрежедегі олимпиадалар мен байқауларда үздік нәтиже көрсетіп жүр. 2019 жылы «Биология пәнінен 8- сыныпқа арналған саралау тапсырмалары» әдістемелік құралын құрастырып, авторлық және лицензиялық жұмыс қорғады. Ол- бүгінгі күн талабына сай тәжірибе жинақтаған, іскер, жаңаға жаны құмар, үздіксіз ізденіс үстінде жүретін жаңашыл ұстаз.Ұжымын ұйымдастыра білетін, әр ісіне адамгершілікпен, жауапкершілікпен қарайтын, әріптестерінің, шәкірттерінің және ата-аналардың құрметіне бөленген қамқоршы ұстаз, білікті маман.
2021 жыл-«Биологиядан олимпиадалық есептерді шешу» облыстық семинар 2023жыл-«Биология пәнінде 7-9 сыныптардағы қиын тақырыптар» оқыту курсы.2023 жыл- «Генетикалық есептерді шығарудың тиімді тәсілдері» Республикалық семинар.
Озық педагогикалық тәжірибе- «Оқыту және тәрбиелеу-білім беру жүйесінің бір паралелі «Дистанционное обучение в школе:опыт и преспективы» тақырыбында облыстың тамыз кеңесі биология пәні мұғалімдері секция отырысы. «Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы» тақырыбында Республикалық журнал «Мақсат».2019 жылы «Үздік сындарлы сабақ» облыстық аймақтық конкурсына арналған сабақ жоспары жарық көрді.
Республикалық санадан тыс білім беру ұйымы және салалық мемлекеттік органдар педагогтерінің, «шебер-оқытушы» біліктілік санатындағы ізденушілердің және педагогтерінің қызметінің нәтижелерін кешенді талдау жөніндегі Сараптамалық кеңестің мүшесі. Астана қаласы
«Биологияны қарау» бойынша 9-сыныптағы мемлекеттік емтихан материалдарын талдау жөніндегі облыстық сараптамалық кеңестің мүшесі. Қостанай қаласы,тағы басқа да жетістіктері жетерлік.
Ыбырай салған сара жолды таңдаған мамандық иелеріне Ұлы мереке-Республика күні қарсаңында ерекше құрмет көрсетілді. Ұлт болашағына білім мен тәрбие беруде қалтқысыз қызмет еткен ұстаздың еңбегі еленіп,білікті басшымыз,үздік-шебер ұстаз Г.Алиева «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері атанды.
«Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» – деген ұстанымды өзіне ту еткен, отбасында ардақты жар, аяулы ана,білікті басшы, сүйікті ұстаз Гульнар Расуловна ұстаздық жолда еңбегіңіз жемісті болып, шәкірттеріңіз тек биіктерден көріне берсін дегім келеді.
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...
10.11.2026 12:53

Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан запустило интеллектуального помощника AI TALDAU в обновлённой информационно-аналитической системе...
06.11.2026 14:25

Мемлекет басшысының экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға және отандық өндірісті қолдауға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында Юбилейное ауылында «KST BETON 2022»...
06.11.2026 14:24

В рамках реализации поручений Главы государства, направленных на развитие экономики, привлечение инвестиций и поддержку отечественного производства, в селе Юбилейное был...