Адам жанына араша түсіп, денсаулық түзеу ісінде дәрігерлерден кем орын алмайтын аса жауапты мамандық иелері – медбикелер.
Науқас жанына инесімен де, ақ көңілімен де шипа сыйлайтын жандар. Мейірімі мен жан жылуы, төзімділігі мен ісіне беріктігі арқылы емделушінің дертінен айығуына себепкер жанның бірі – медбике. Әрине, халықпен жұмыс істеу қызық әрі қиын. Оған жүктелетін жауапкершілік те көп. Осындай жауапкершілігі жоғары жұмысты абыроймен алып жүргендердің бірі – Кульмуханбетова Гүлсім Тұрғынқызы. Гүлсім Тұрғынқызының мерейлі медбике қызметін атқарып келе жатқанына биыл 36 жыл 8 ай. Өзінің жан қалауы, жүрек таңдауымен осы саланы меңгерген білікті маман өзінің жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды. 1962 жылы Жангелдин ауданында дүниеге келген, орта мектепте білім алған. Өзі де өскенде осы саланың қыры мен сырын меңгеруді арман еткен. Осы орайда Арқалық медициналық училищесіне оқуға түсіп, 1982 жылы аяқтап шыққан. Алғашқы еңбек жолын бастап, күні бүгінге дейін медицина саласында абыройлы еңбек етіп келеді. Біреуге сырлас құрбы, біреуге ақылшы әпке болып жүрген жан әріптестерінің арасында да үлкен беделге ие. 1995 жылы Павловка ауылына көшіп келіп, жұмысын жалғастырды. Қазір Павловка ауылымен бірге Апановка мен Евгеньевка ауылдарында қызмет көрсетеді. Жақында еңбек демалысына шыққан. Медбикелерінің жұмысын Гүлсім Тұрғынқызы ұтымды ұйымдастырып, жүйелі жүргізіп отырады. Көпшілікке бас болып, шаруаны оңтайлы үйлестіру ерік-жігері мықты болмаса, нәзік жандылар үшін оңай болмасы анық. Осындай қызығы мен қиыншылығы мол қызметті атқарып жүрген ақ халатты абзал жан ем іздеп келген адамдардың ауруынан айығып, аяғына тік тұрғанын көруді бір бақыт деп біледі.
– Осы саланы өзіміз таңдап, өзіміз қалап келдік. Қиындығы да, қуанышы да қатар жүреді деп айта аламын. Күн-түн деп жатпай, уақытпен санаспай жұмыс істейміз. Кейде жұмыстан басқаға уақыт таппай қалатын кездер болады. Бірақ мамандыққа деген адалдық бірінші орында. Себебі біз таңдаған жұмыстың ар жағында қаншама халықтың тағдыры, денсаулығы, өмірі тұр. Оған бей-жай қарауға болмайды. Мамандығымды мақтан тұтамын. Ауыр жағдайда келген науқастардың жүзіне қан жүгіріп, тәуір болғанын көргенде құлшынысымыз артып, бірге қуанамыз, – дейді Гүлсім Тұрғынқызы. - Мейірбикелер науқастың күтім процесіне толығымен жауапты, сол үшін де басты міндеті – мейірім көрсету. Біз емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін кәсіби психологиялық және рухани қасиетімізді іске қосамыз. Ауырып келген адамдарды шын көңілмен, мейірімді жүрекпен қарсы аламыз. Оның ішінде жүкті әйелдердің шағымын тыңдаймыз. Әрине, болашақ ананың күтімі, денсаулық жағдайы туралы үнемі кеңес беріп отырамыз. Адам еңбегінен қуаныш таба білсе, бойына жаңа күш қосылады. Осындай зор шабытпен жасап жүрген қызметім мені биікке жеткізіп отыр – дейді кейіпкеріміз. Расымен де, қарапайым ғана жұмыс болып көрінгенімен, мейірбикелер атқаратын жұмыс асқан жауапкершілікті қажет етеді.
Қазіргі заманда әлем бір орында тұрған жоқ. Күн сайын жаңашылдық, жаңа техника. Қай салада болмасын ұдайы дамып, жетіліп, өсу маңызды. Осы ретте, медицина саласы да дамудың дара жолына бағыт алып келеді. Ал білікті мамандарға жаңашылдықты уақытылы игеріп, оны тәжірибеде қолдана алу маңызды. 36 жыл бойы аталған салада абыройлы еңбек етіп келе жатқан медбике бірнеше мадақтамалар және алғыс хаттармен марапатталған. Қызметтегі жеткен жетістіктері үшін ұдайы басшылық тараптың алғысы мен марапатына ие болып, мәртебесі артқан маман отбасы деген шағын мемлекеттің де аяулысы болып отырған жайы бар. Отағасы Кульмуханбетов Маулен Каримұлы ауылдық әкімдікте бас маман болып қызмет етеді.
Бүгінде ұл, қыз тәрбиелеп, одан 5 немере сүйген асыл әже, ардақты жар, аяулы ана әр ісіне жауапкершілікпен қарайды. Гүлсім Тұрғынқызы бүгінде отбасының берекесін ұйытып, балаларын өсіріп, жарының да қас-қабағын бағып отырған ардақты жан, аяулы әже.
Білікті, жан-жақты адам қашан да айналасындағылардың тілін тауып, жылы шырай танытады, қолынан келген көмегін аянып қалмайды. Кейіпкеріміз де дәл сондай жанның бірі. Жұмыста да, үйде де ауызбіршілікті, бірлікті алдыңғы орынға қояды. Ақ халатты жандардың сенімді серігіне айналған медбикелердің жұмысы қашанда үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Дәрігер емінің нәтиже беруі де ең алдымен медбикенің ұқыптылығына байланысты. Осы салада ұзақ жыл еңбек еткен кейіпкеріміз алдына келген науқастан көмегін аяған емес.Негізі медицина саласында «ерліктің көбін медбикелер жасайды» деген тәмсіл бар. Әсілі бұл сөздің айтылуы да тегін емес.
22.05.2025 13:19
Көктемгі дайындық– механизатор еңбегі- Көктем – табиғаттың ғана емес, ауыл шаруашылығы үшін де жаңару мен жаңа бастамалар мезгілі. Бұл –...
22.05.2025 13:03
Қоғамның рухани дамуына ықпал етіп, ұлттық болмыс пен мәдени құндылықтарды насихаттауда мәдени қызметкерлердің рөлі ерекше. Олар – халықтың жүрегіне жол...
22.05.2025 13:02
18 мая в календаре праздничных дат, исторических событий и дат отмечен как международный день музеев. Уже не первый год реализуется...
22.05.2025 13:00
С самого рождения наши мамы были нашими лучшими друзьями. Они всегда нас поддерживали и успокаивали в трудные моменты жизни. Материнскую...
22.05.2025 12:59
21 мая отмечают праздник люди, чья профессия наполняет жизнь страны и людей эмоциями, смыслами и красотой. День работников культуры и...
22.05.2025 10:25
Наш район всегда славится доблестными спортсменами. Все больше детей вовлечены в активный образ жизни, занятия спортом и ведение здорового образа...
22.05.2025 10:24
Для развития потенциала среди молодежи и обмена опытом проводятся творческие конкурсы и мероприятия. В начале мая в областном центре состоялся...
22.05.2025 10:23
Мектеп кітапханасы – оқушылардың білімге деген құштарлығын оятып, шығармашылық қабілетін дамытатын маңызды орталық.Ол – мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ақпаратпен қамтамасыз ететін,...
22.05.2025 10:21
Президент Касым-Жомарт Токаев принял председателя правления АО «Самрук-Қазына» Нурлана ЖакуповаГлава государства был проинформирован о том, что за 2024 год чистая...
22.05.2025 10:19
В конце прошлой рабочей недели и на этой неделе отчетные встречи акима района Кайсара Батырхановича прошли в селах Апановка, Новоильиновка,...
22.05.2025 10:18
2025 жылдың 19 мамырында халықпен кездесу аясында Бейімбет Майлин аудан әкімі Муржакупов Қ. Б. Тобыл кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.Кездесу «сұрақ-жауап»...
22.05.2025 10:17
В понедельник студенты Лисаковского технического колледжа, волонтеры молодежного ресурсного центра района Беимбета Майлина и сотрудники АО «Варваринское» провели экологическую акцию...
15.05.2025 09:36
С целью развития творческого потенциала молодежи, популяризации хореографического искусства, обмена опытом между танцевальными коллективами в областном центре в городе Костанай...
15.05.2025 09:22
12-13 мая в городе Костанай состоялись соревнования по волейболу в рамках областной Спартакиады среди административных и политических государственных служащих Костанайской...
15.05.2025 09:21
Мы продолжаем цикл статей об уроженцах нашего района, которые своим трудом внесли вклад в развитие разных отраслей и сферы деятельности....
15.05.2025 09:20
2025 жылдың 9 мамыр күні Тобыл кентінің орталық алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.Іс-шара барысында Тобыл кентіндегі...
15.05.2025 09:18
Тобыл кентінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерт өтті.Бұл іс-шарада Қазақстанның Қарулы Күштерінің 33 жылдығы мен ел...
15.05.2025 09:17
90-летний юбилей жителя села Красносельское Залиева Кандыбая совпал с празднованием Дня Великой Победы. Ранним утром 10 мая поздравить юбиляра приехали...