«Адамды адам еткен - еңбек» демекші, қашанда жұмысына асқан жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарап, адал маңдай терімен еңбек ету арқылы өзіне де, айналасындағы ағайынға да пайда келтіріп жүрген еңбексүйгіш жандар аз емес. Мәселен, солардың бірі Бейімбет Майлин ауданы Қайындыкөл ауылының азаматы.
Саламатова (Сатубалдина) Сауле Ерназарқызы. 2014 жылы бизнеспен айналысып, азық-түлік дүкенін ашты. Сауле Ерназарқызы тек Қайындыкөл ауылын ғана емес, ауылдық округтің басқа да елді мекендерін азық-түлікпен толық қамтамасыз етеді. Сауле Ерназарқызы 1982 жылы 15 ақпанда Қамысты ауданы Краснооктябрьский ауылында (қазіргі Арқа ауылы) дүниеге келген. 1999 жылы 11 сыныпты бітірді. 2000 жылы тұрмысқа шығып, 2001 жылы қызы Анжелика, 2002 жылы ұлы Александрды дүниеге әкеліп, балаларды тәрбиелеумен айналысты. 2006 жылдан 2008 жылға дейін Лисаков техникалық колледжінде «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша сырттай оқыды. 2008 жылдан 2009 жылға дейін Белинск әкімдігінде бухгалтер болып жұмыс істеді. 2013 жылы Қайындыкөл ауылының дүкенінде сатушы болып жұмыс істеді.
- Мен өзімді жеке кәсіпкер ретінде сынап көруді шештім. Осылайша, 2014 жылы жеке кәсіпкерін ашып, өзім үшін жұмыс істей бастадым.- деп, сөзін жалғастырды Сауле Ерназарқызы. - Алдымен сәл қиын болды, сауда жүйесіне тереңірек үңілу керек болды: есептерді, барлық салық аударымдарын қай уақытта тапсыру керек, жалақыны уақытында төлеу керек. Мектепте маған әрқашан математика, алгебра, геометрия, яғни сандармен бетпе-бет келуге тура келетін барлық пәндер ұнады . Бұл әрине, маған қазір өз бизнесімді жүргізуге көп септігін тигізді. Біз халыққа қажет сұраныс, ұсыныстар бойынша жұмыс істейміз. 2021 жылы екінші шаруашылық дүкен аштым. Біз бүкіл округ тұрғындарын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге тырысамыз. Маған жұбайым Денис көмектеседі. Сонымен біз дүкендерден басқа қосалқы шаруашылығымызды ұстаймыз, ірі қара мал өсіреміз. Балалар Лисаков қаласында тұрады. Екеуі де отбасылы. Олар жиі қонаққа келеді, бәріне көмектеседі. Менің екі әдемі немерем бар.
Жеке кәсіпкер Саламатова Сауле Ерназарқызы өте құрметті адам. Ол терең дүниетанымымен, еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Табыстың қайнар көзі адал еңбек пен жауапкершілік болып табылады. «Еңбек еткен адам барлық нәрсеге қол жеткізеді. Еңбек етпей елге де өкпелеуге болмайды. Қиындықтарды адал еңбек ету арқылы жеңіп шығуға болады. Еңбек еткен адамның қор болмайтыны белгілі. Ердің атын еңбек шығарады демекші, бүгінде Сауле Ерназарқызын ауыл тұрғындарының бәрі құрметтейді. Өйткені ол өз адал еңбегі арқылы көпке үлгі десек болады. Кәсіпкер ананың жүзіне қарап, нағыз ерге тән қайраттың, қажырдың ізін көргендейміз. Батылдық, өмірге деген сүйіспеншілік оның әр сөзінен сезіліп тұр. Ең бастысы – ертеңі еңселі еліне, жеке кәсібінің келешегіне сенеді. Сауле Ерназарқызына және отбасына мықты денсаулық, бақ-береке, еңбектеріне жетістіктер тілейміз.
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...
10.11.2026 12:53

Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан запустило интеллектуального помощника AI TALDAU в обновлённой информационно-аналитической системе...
06.11.2026 14:25

Мемлекет басшысының экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға және отандық өндірісті қолдауға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында Юбилейное ауылында «KST BETON 2022»...
06.11.2026 14:24

В рамках реализации поручений Главы государства, направленных на развитие экономики, привлечение инвестиций и поддержку отечественного производства, в селе Юбилейное был...