Биыл Тобыл кентінде «12 тамыз – Халықаралық жастар күні» мерекесі Тобылда кең көлемде аталып өтті. Аталған шараны «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. Халықаралық жастар күніне орай жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, саламатты ұрпақ қалыптастыру мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жастар – қай заманда, қай елде болсын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекеттің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Жастар – қашанда белсенді буын өкілдері. Елімізде жастардың білімді, қабілетті болуына әрдайым үлкен мән беріліп келеді. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей болашағын ойлаған мемлекет бүгінгі жастарының жағдайын тасада қалдырмаса керек. Жастарға ерекше көңіл бөлініп, бірқатар әлеуметтік қолдау жасалуда. Білімге, өнерге, спортқа, кәсіпкерлікке ұмтылған жалынды жастарды қолдайтын көптеген мемлекеттік бағдарлама жүзеге асты. Жас ұрпақты қолдау үздіксіз жалғаса бермек.
Тобыл «Altyn jastar» жастар ресурстық орталығы тарапынан жасалып жатқан нәтижелі жұмыстар да жетерлік. Жыл басынан бері Тобыл жастар орталығы Байдрахманов Айбек Байғабылұлы ұйымдастыруымен әртүрлі санаттағы жастарға бағытталған көптеген шаралар өтті. Өткен шараның басым бөлігі қайырымдылық пен тазалыққа бағытталса, денсаулықты сақтауға арналған, рухани-танымдық, мәдени шаралар да назардан тыс қалмады. Егемен елдің жастары баянды болашақтың байрағын көтеріп, жарқын келешектің желкенін керіп келеді. «Мен жастарға сенемiн!» деп үкілі үміт, салқар сенім артқан Мағжанның жауһар жырына арқау болған ел ертеңі жастар қашанда елдің ертеңі үшін аянбақ емес. Тобылдағы Жастар мерекесі волейбол, футбол, арқан тартыс, армреслинг, тир спорттық ойындарымен басталды. Түстен кейін балаларға арналған көңілді мерекеге ұласты. Балалар аниматорлармен бірге қызықты ойындар ойнап, викторина сұрақтарына жауап берді. Лотерея билеті ойнатылып, ұтысқа велисопед, скейтборд және тәтті сыйлықтар болды. Ал кешке Жастар күніне ашылу салтанатында Б.Майлин ауданы әкімінің орынбасары Оразтаев Төлепберген Асаубайұлы, Тобыл кенті әкімі Есмағамбетов Аманжол Бауыржанұлы, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Назаров Еркен Аушханұлы қатысып, жастарды мерекемен құттықтады. Сонымен бірге белсенділігімен дараланып жүрген бірқатар жас буын өкілдеріне аудан әкімінің және Тобыл кенті әкімінің алғыс хатын табыстады. Мерекелік кешті Қостанайдан келген жас әнші қонақтар ән салып, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Аталмыш кеште сегіз қырлы, бір сырлы, жалындаған жастардың өнеріне толы болды. Кеш барысында көрермендер арасынан лотерея ойын ойнатылып, ұтысқа екінші рет велисопед ойнатылды. Лотерея ұтысына «Үміт» ЖС демеушілік жасады. Кеш соңы дискотекаға ұласты. Мұндай шара Тобыл жастарына жиі ұйымдастырылуы қажет. Жастардың келешегі кемел болсын, әрқашан биік белестен көрінсін. Туған жеріміз Тобыл өңірінің айбынын асқақтатар, жалынды жастарымыз көп болсын. Өресі биік, рухы мықты өңір жастарын мерекемен шын жүректен құттықтаймыз.
Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік кеш жоғары деңгейде өтіп, Тобыл жастары мен қонақтарының көңілдерінен шықты.
Осындай мәдени, ұлттық санамыз мен рухымызды тәрбиелейтін шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса, жастардың қолындағы болашағымыз жарқын болары сөзсіз.
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...
10.11.2026 12:53

Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан запустило интеллектуального помощника AI TALDAU в обновлённой информационно-аналитической системе...
06.11.2026 14:25

Мемлекет басшысының экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға және отандық өндірісті қолдауға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында Юбилейное ауылында «KST BETON 2022»...
06.11.2026 14:24

В рамках реализации поручений Главы государства, направленных на развитие экономики, привлечение инвестиций и поддержку отечественного производства, в селе Юбилейное был...