Бүгінгі заманда еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, менің ойымша, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адамды еңбек адамы деп есептеймін. Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, ол - өнер адамы бола ма, актер бола ма, бәрібір. Ол маңдай терін салып жұмыс істеуі керек. Шығармашылық дарынды, талантты болуы керек.
Әр саланың өз қиындығы мен қызығы болады. кәсібінің шебері болу – әрбір жанның өз ісіне деген жауапкершілігінен бастау алары сөзсіз. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязында қолайсыз жағдайлардың бел ортасында жүретін ауылшаруашылық еңбеккерлерінің жұмысы кәсібилікті талап етеді. Олар атқарған жұмыс қоғам үшін де өте пайдалы.
Кәсібін сүйіп, ісіне адалдық таныту – еңбек адамының ең бірінші асыл қасиеті. Өмірін Евгеневка ауылына арнаған бүгінгі кейіпкеріміз ата бабалар салған сара жолмен жүріп, игі істерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келеді. Бүгін біз туған ауылында еңбек етіп жүрген кәсіпкер Шупов Мурат Утимратовичпен таныстырамыз.
Еңбек адамдары – ел көшін алға сүйрейтін қуатты күш. Мурат Утимратович ауыл шаруашылығымен айналысып, Отанымыздың дамуына ерекше үлес қосып келеді. Бақыттың кілтін – еңбектен тапқан адам.
Шупов Мурат Утимратович Евгеновка ауылында дүниеге келген. Ол Евгенов сегізжылдық мектебінде оқып, 1977 жылы бітіріп, 1979 жылы Павловка орта мектебінде оқуын жалғастырды. Мектепті бітіргеннен кейін Г.Д.Вачасова атындағы совхозына жұмысқа орналасты, әскер қатарында болып келіп, Евгеновка ауылының бөлімшесінде шөп науқанына қатысты, базада жұмысшы болып жұмыс істеді. 1982 жылы ауыл Омар Дощанов атындағы совхоз атанды. 1988 жылы Науырзым ауданынан Әсия Бейісоваға үйленіп, отбасылы болды. Сол кездегі совхоз директоры Дукарт Антон Франсович үй салуға рұқсат беріп, жұбайымен және ата анасымен бірге отбасына үй салды. Жарты жыл ішінде ол үй салып, 1992 жылы қоныстанды.1994 жылы құрылыс учаскесінде учаске шебері болып жұмыс істеді. Ол кездегі совхоздың үшінші бөлімшесі Луговое ауылында Моңғолиядан келген қандастарға құрылыс негіздерін үйретті. 2000 жылы «Нұржан» атты жеке шаруашылық ашып, мал шаруашылығымен айналысты. Жұбайы мен үш ұл және бір қызы бар. Үлкен ұлы Нұрсұлтан үйленген, екі ұлы бар, әкесінің ізімен шаруашылыққа көмектеседі. Екінші Жансұлтан қалада жұмыс істейді, үшіншісі Нұрлан жоғарғы оқу орнында оқиды, ал қызы Баян Сұлу Астанада оқиды.
Бүгінде абыройлы еңбек етіп, сол жердің игілігі үшін барын салып жүрген білікті кәсіпкер да дән риза.
Жұмыс десе ішкен асын жерге қоятын, жауапкершілігі мол Мурат Утимратович еңбекқор, қай іске болмасын жең түре кірісіп кететін жан екенін ауылдастары да мақтанышпен айтып отырады. Еңбек еткен адамның қор болмайтыны белгілі. Бүгінде өзінің еңбексүйгіштігінің арқасында бел жазбай еңбек етіп, бір ауылының мақтанышына айналып отырған Мурат Утимратович сынды жандардың саны арта берсе нұр үстіне нұр болар еді. Қиындық кез келген жұмыста болады. Барлығы төзімділік пен шыдамдылықты талап етеді. Бірақ ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге де болмайды. Адам тұрақты болуы керек. Иә, адам өз несібесін еңбектен ғана табады. Тынымсыз тірлік етіп жүрген еңбек адамдары үлкен құрметке лайық.
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...
10.11.2026 12:53

Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан запустило интеллектуального помощника AI TALDAU в обновлённой информационно-аналитической системе...
06.11.2026 14:25

Мемлекет басшысының экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға және отандық өндірісті қолдауға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында Юбилейное ауылында «KST BETON 2022»...
06.11.2026 14:24

В рамках реализации поручений Главы государства, направленных на развитие экономики, привлечение инвестиций и поддержку отечественного производства, в селе Юбилейное был...