Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері- Мысыр шаһары» -деп бекер айтпаса керек.
Өз Отанымыздың гүлденіп, етек жаюуы жолында өз үлесімізді қосу әрбір перзенттің парызы іспетті. Бүгінгі таңда, осы іргелі іс «Жасыл ел» еңбек жастарының қолдауына ие болуда. Жасыл елдіктердің басты мақсаты еліміздің гүлденіп, өркендеуі жолында жастарды еңбекпен қамтамасыз етіп қана қоймай, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау болып табылады. Жас ерекшелігі 16-29 жас аралығындағы белсенді жастар еңбек ету арқылы, өз туған жерінің гүлденуіне үлес қоса алады.
Тобыл кентінде белсенді жастарымен құралған еңбек жасағы жыл сайын қарқынды жұмыс атқарады. Еңбек жасағының құрамына биыл 15 адам қабылданып отыр. Осы орайда Тобыл кенті «Жасыл ел» еңбек жасағының белсенді мүшелерімен арнайы сұхбат алған болатынбыз.
- «Жасыл ел» еңбек жасағында қызмет еткеніме бір айға жуық уақыт болды. Бірге қызмет етіп жүрген жастардың көбісі өзімнің қатарластарым. Еңбек етіп, қаржы тауып қана қоймай туған елді көгалдандыруға қолымыздан келгенше үлес қосып жатырмыз. Жасыл елде жұмыс істеу арқылы көптеген жақын достар таптым. Біз қазір жасыл елдіктермен бір отбасымыз, -дейді «Жасыл ел» еңбек жасағының белсендісі Айгерім Ткач.-«Жасыл ел» – тек патриоттардың, елін сүйетін азаматтардың орны. Әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Осы орайда аянбай еңбек етіп, өз туған жеріміздің мәртебесін көтеру әр ел болашағы болып саналатын жастардың міндеті.
Жастар – ұлт келешегі, қоғам айнасы. Оларға қарап ертеңгі күннің, болашақтағы қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Сондықтан да олардың қызығушылығын қоғам игілігіне қарай бет бұруы дұрыс дүние. Жалпы, қандай елде болсын азаматтарының, жастарының ел ісіне араласуы жақсы құбылыс. Ең бастысы – жастардың бос уақытын еңбекпен, тиімді өткізе білуі. Аталмыш бағдарлама Қазақстанның барлық аймақтарында жалғасын тауып, еліміздегі еңбекқор жастардың мекеніне айналғаны сөзсіз. Жылына көптеген жастар жұмысқа қабылданып, өңірдің гүлденуіне айтарлықтай үлес қосып жатыр. Осы бағдарлама аясында еңбектеніп жүрген жастар бүгінгі күнде көшелерді абаттандыруға көмектесіп, демалыс аллеясын алаңдардағы гүлдерді суарып, арам шөптерден тазарту сияқты игілікті іс жасау барысында үлкен белсенділік көрсетуде. Осы бағдарламаның арқасында көптеген жастар өз елінің экологиясын дамытып, еліне көптеген пайдаларын тигізіп жатыр.
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...
10.11.2026 12:53

Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан запустило интеллектуального помощника AI TALDAU в обновлённой информационно-аналитической системе...
06.11.2026 14:25

Мемлекет басшысының экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға және отандық өндірісті қолдауға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында Юбилейное ауылында «KST BETON 2022»...
06.11.2026 14:24

В рамках реализации поручений Главы государства, направленных на развитие экономики, привлечение инвестиций и поддержку отечественного производства, в селе Юбилейное был...