Адам - жер бетіндегі тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы. Сол адамның өміріндегі ең бағалы дүние не дейсіз ғой? Адам өміріндегі басты байлық – оның Өмірі мен Денсаулығы.
Өміріңді қалдырып, денсаулығыңды алса, адам болудан қаласың. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Пенде болған соң ауырмай бола ма. Денсаулығың сыр беріп, басың ауырып, тісің сыздап дегендей түрлі ауруға шалдығасың. Жаның мұрныңның ұшына келіп қысылғаныңда, сол бір азаптан құтқаратын жан іздейсің. Ол- дәрігер. Науқастың жанына желеу болып, ем-домын жасап жататын – дәрігер. Ол – адам өмірінің сақшысы. Дәрігер ажалдан қорықпайды. Қорықпағаны сондай – онымен аяусыз күреседі, адамның қымбат жанын оған бермес үшін барын салады, адамға екінші өмір сыйлайды.
Бүгінгі кейіпкеріміз, нағыз еңбек адамы, адам өмірінің арашасы, білікті де білімді дәрігер Тобыл кенті тұрғыны Дусекенов Жайылған Баядинұлы .
Дусекенов Жайылған Баядинұлы 1 апрель 1950 жылы Таран ауданы, Елтай ауылында туған, Смайловка ауылында 8 жылдық мектеп бітірген соң, 9-10 сыныпты Қостанай қаласында Киров мектебін аяқтады. 10 жылдық білім алып, Қарағанды медициналық институтына түсіп, 6 жыл оқып бітірген.
1975 жылы Таран ауданына ауруханасында терапевт дәрігер болып орналасты. Маман ол кезде жетіспегендіктен терапевт, анестезиолог, инфекционист, балалар дәрігерін бірдей атқарып жүрген.
-Сол жылдары балалар шетінеуі көп болып, сол кездегі дәрігер, терапевт бөлімінің меңгерушісі, ұстазым, Торғай Мұсаханов шақырып алып, балалар өлімінің себебін білу керек деп, балалар шетінеуі көп болып тұрган ауыл Павловка- Вачасов ауылына жіберді,- деп бастады сөзін Жайылған Баядинұлы.- Ол ауылда Сапар Ергалиев деген кісі совхоз директоры болатын мықты кісі, үй жағынан барлық жағдай жасады. Ол жақта 2 жыл дәрігер болдым. Одан соң Белинский ауылына, Қайыңдыкөл, Абай, Қайранкөл 7 жыл дәрігер болдым. Ол кезде бақсы- балгерлер көбейіп, адамдар балаларын соларға емдете салады да, балалар ауруы асқынып кетті. Бала ауруларының себебін анықтап, ем жасадым. Емханаларына сол кездегі медицина саласында жұмыс жасайтын адамдар мен совхоз жұмыскерлері арқасында ремонт жасалды. Көптеген оқиғалар бастан өтті. Кейін ауданға қайта шақыртып, ауруханада терапевт, анестезиолог, терапевт бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасадым.
Жайылған аға жалпы медицинада 47 жыл жұмыс жасаған. Зейнетке шықса да Тобыл кенті мен аудандық аурухана дәрігерлік қызметін жалғастырып, халықтың сүйікті дәрігеріне айналды. Қазір зейнеткер үйінде болса да, әсіресе үлкен қарт кісілер ауырғанда ем-домын Жайылған ағадан сұрап тұрады.
-Иә, түсінемін, дәрігер болу оңай емес. Менің ойымша, дәрігер болу үшін жүректілік, шыдамдылық, білім мен біліктілік, аса сақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, адалдық, шексіз мейірімділік, адамның тәнін ғана емес, жанын емдей алатын психолог бола білу керек. Ең бастысы, мамандықты сүю керек. Тәжірибе жүзінде біліміңді шыңдаудан жалықпау қажет. Әрдайым ізденісте жүруге дағдылану керек, күресе білу керек. Себебі дәрігер - күрескер адам. Ол жұмысын күресумен өткізеді. Қатерлі дертпен күреседі, ажалмен күреседі,- дейді Жайылған Баядинұлы.
Жайылған Баядинұлы 9 баласы бар, жұбайы Гүлсім апаймен немерелердің ортасында бақытты отбасы. Жайылған ағайдың жолын қуып дәрігер болған қызы қазір Астана қаласында білдей бір дәрігер. Жайылған ағаның домбырамен ән айтатыны да бар. Украин, орыс тілдерінде де әндері көп. Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде концерттерге қатысып, халыққа өнерін сыйлап, қошеметке ие болып жүрген жан.
Өз ісінің білікті де, білімді маманы болған, дәрігерлік шеберлігін үздіксіз шыңдап, әр науқастың дертіне дауа, шипа тауып, жылы сөз, ақжарқын адал көңілмен сырқаттың жайын таба білген, жанары жәутеңдеп келген сырқаттың дертін емдеген Дусекенов Жайылған Баядинұлына Алла сізге күш - қуат берсін! Өзіңіздің жалғасыңыз болып отырған ұрпақтарыңыз бен жақындарыңыздың арасында өнегелі ақсақал, тәлімді ақылшы болып аман-есен жүре беріңіз.Сіздің өмірлік бай тәжірибеңіз бүгінгі жас буын үшін де әрдайым қажетті әрі қастерлі құндылық бола бермек.
12.05.2025 12:30
Системаа образования района Беимбета Майлина Костанайской области уверенно демонстрирует прогресс - от высокого охвата дошкольников до блестящих результатов школьников на...
12.05.2025 12:30
Қостанай облысындағы Бейімбет Майлин ауданының білім беру жүйесі сенімді түрде даму үстінде – мектепке дейінгі біліммен қамтудың жоғары деңгейінен бастап,...
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...