Таяуда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі» ММ жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Бейімбет Майлин атындағы жалпы білім беретін мектеп қабырғасында Мұхтар Шахановтың 80-жылдығына орай «Мына ғасыр - бәлкім сенің ғасырың» тақырыбында айтыскер ақындармен аудандық дөңгелек үстел өткізілді.
Аудандық дөңгелек үстел қонақтары елімізге танымал айтыскер ақындар Қостанай облыстық мемориалдық музейі басшысының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, ҚР мәдениет саласының үздігі, Халықаралық жыршы-термешілер мен айтыскерлер одағының мүшесі, "Даланың таза бұлағы" кітабының авторы - Салтанат Өтелбаева, Тобыл кенті «Думан» мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы, айтыскер ақын, облыстық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Республикалық айтыс жеңімпазы, Халықаралық ақындар айтысының қатысушысы, айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі, тіл жанашыры – Мамай Ізтелеу, сонымен қатар аудандық мектеп оқушылары (жас ақындар), мұғалімдер қатысты. Аудандық дөңгелек үстел барысында елімізге танымал, республикалық, облыстық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпаздары ақындарымыз, оқушыларға яғни біздің жас ақындарымызға бұл өнер түрінің берер тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор екенін, айтысты өнер деп ұғу, жырды үлкен поэзия деп түсіну қазіргі кезде ден ала бастағанын сөз етті. Сол сияқты өз өнерлері туралы, жыр алыптарымен үлкен додаға түскен сәттерін, айтыс барысындағы жеңіс пен жеңілістері туралы айта келіп, сөз таба алмағандықтан, ұйқасты сөз құрай алмағандықтан жеңілмейтіндіктерін, айтыскер ақындардың жеңілгенде ұтымды дәлелден жұтап, жүйеге жығылып барып жеңілетіндігі туралы айтылды.
Дөңгелек үстел барысында жас ақындарымыз көптеген сұрақтарға жауаптар алды. Бүгінде ел мен жердің тарихын, қадір-қасиетін терең ұғынып, жүрегіне тоқи білген талантты, дарынды жастарды танып, тауып тәрбиелеу ісі маңызды мәселелердің бірі екеніне тоқтала келіп, «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» дегендей, ауданымыздың мектептерінен келіп отырған жас ақындарға өнер жолдарына сәттілік тілеп, ізгі тілектерін білдірді.
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...
10.11.2026 12:53

Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан запустило интеллектуального помощника AI TALDAU в обновлённой информационно-аналитической системе...
06.11.2026 14:25

Мемлекет басшысының экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға және отандық өндірісті қолдауға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында Юбилейное ауылында «KST BETON 2022»...
06.11.2026 14:24

В рамках реализации поручений Главы государства, направленных на развитие экономики, привлечение инвестиций и поддержку отечественного производства, в селе Юбилейное был...