- Подробности
-
Категория: №41 (10361) от 11 октября 2018 года
-
Создано 11.10.2018 06:33
-
Автор: Айбатыр Ниязбек
-
Просмотров: 5666
Өткен сенбі күні Тобыл кентінде ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Күзгі жәрмеңке маусымының ашылуына байланысты аудан әкімшілігі ұйымдастырған бұл шараға ауылдық округтер және Лисаков қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қатысты. Ауылшаруашылық өнімдерін делдалсыз сатып алатындықтан, халық мұндай жәрмеңкелерді ұнатады. Сондықтан да болар сенбі күнгі шарада кісі қарасы көп болды.
Ауылдық округтердегі шаруа қожалықтарынан балық, ет, сүт өнімдері тұтынушыларға ұсынылды. Сондай-ақ, аудандағы жеке кәсіпкерлердің көкөніс, жеміс-жидек өнімдері сатылымда болды. Тұрғындар тарапынан нарықтағы бағадан тиімді бағада сатылымда болған өнімдерге сұраныс көп болды.
Жәрмеңкеде ауылшаруашылық өнімдері базар бағасынан 5-10 пайыз төмен бағада ұсынылды. Жәрмеңкеде барлығы 11,7 тонна ауылшаруашылығы өнімі сатылды, яғни 3812750 теңгенің өнімі.
Сенбілік жәрмеңкеде сапалы өнімдерге қойылған тиімді бағалар мен арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарлама жәрмеңкеге келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.