Партиялық билет табысталды

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_27_27-2021_6.JPGЕлорда күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының партиялық билеттерді табыстау рәсімі өтті.


Партиялық билетті «МК «Ленинское» ЖШС қызметкерлері алды. Партиялық билетті мереке қарсаңында алу-үлкен мәртебе екені рас. «Nur Otan» партиясына қабылдау рәсімі – барлық санитарлық талаптарды сақтау бойынша өтті. Бетперде киіліп, әлеуметтік арақашытық сақталды. Партия мүшелегіне қабылданушы азаматтарға партиялық билеттерді «Nur Otan» партиясы аудандық филилалының төрағасының бірінші орынбасары Жанна Калимова табыс етті. Аталмыш партиялық билетті 6 қызметкер алды.
- Бірліктің ұйытқысы болған бірегей партияның билеті біздің қызметкерлерге артылған аманат. Ал, аманат жүгі ауыр екені бесенеден белгілі. Ендеше, бүгін әріптестерімді бармағы басқа болса да білегі бір, арманы асқақ, тілегі бір әріптестеріме сәттілік тілей отырып, ел мұраты мен ұлт мақсаты жолында жұмылған жұдырықтай жұмыс істеп, абырой биігінен көріне берейік дегім келеді,- деді өз сөзінде «МК «Ленинское» ЖШС директоры Анатолий Злой.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане