Пандустар орнатылуы - бұл міндетті іс

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_25_Screenshot_2.jpg

"Nur Otan" партиясының "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Людмила Мальчевская, "Nur Otan" партиясының аудандық филиалының бірінші орынбасары Жанна Калимова, ауданның мүгедектер қоғамдықтық бірлестігінің басшысы Павел Абрамовпен бірлесіп, халықтың мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі бойынша мониторинг жүргізді.
Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы дәл осы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқор болуға бағытталған. Төрт бағыт бойынша жүзеге асырылатын жобаның мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін «кедергісіз аймақтар» құру шарасын тиімді жүзеге асыру бүгінде күн тәртібінде тұр. Нәтижесінде 20-дан астам объект қамтылып, мүгедек адамдар үшін кедергісіз, қолжетімді орта құру бойынша жадынамалар таратылды.
Өкініштісі сол, көптеген дүкендер мен мекелемелерде пандустар жасалынбаған, тіпті қоңырау белгісіде қойылмаған. Мәселе шығында емес, бірінші кезекте адамгершілікте болуы қажет. Кейбір дүкендер «тисе терекке,тимесе бұтаққа» дегендей, балаларға арналған мұз айдыны секілді орнатып қойған. Көңіл қуантарлық кәсіпорындар мен мекемелерде болды. Заңға сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандус пен қоңырау белгісі сәйкесінше орнатылған.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігіне сай жағдай жасау, оларға жәрдем қолын созу – баршамыздың міндетіміз екенін ұмытпай, игі іске жауапкершілікпен қарайық деп айтқымыз келеді.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане