Түлектер кеші өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_24_24-2021_8.jpgМектеп түлектері аттестаттарын қолдарына алды. Мектеп бітірушілердің құрметіне орай арнайы салтанатты кеш өтті.


Білім ұясымен қоштасып, болашаққа нық сеніммен аттағалы отырған талапкерлерге ата-аналары мен ұстаздарынан бастап барлығы ақ жол тіледі. 14-ші маусым күні ауданымызда және ауылдық округтерінде түлектер кеші өтті. Мерекелік кеште есімдері ерекше аталып, сый- сияпат көрсетілді. Көңілді кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Түлектер ұстаздарына алғыстарын айтып, гүл шоқтарын тарту етті. Жалпы аудан шәкірттері білім, спорт, өнер жарыстарында жүлделі орындарды еншілеп, аудан намысын талай рет қорғаған. Елдің гүлденуі мен дамуы білімді, жігерлі жастардың қолында. Үлкен өмір жолына қадам басқалы тұрған түлектерді ұстаздары құттықтап, ақ жол тіледі.
Биылғы жылы С.Ерғалиев атындағы орта мектепті 11 оқушы тәмамдап отыр. Ал, Б.Майлин атындағы орта мектепті 34 түлек аяқтауда. Барлық оқушылардың көңілдерінде қимастық сезім мен ұстаздарына деген алғыс қатар болды.
Қуаныш, бір уақытта қимастықтың көз жасы. 11 жыл бойы екінші үйің болған алтын ұямен қоштасу оңай емес. Сыныптастар, достар, ұстаздар мен сабақтар – енді бәрі артта. Ал, алда жарқын болашақ күтіп тұр. Аттестат – сол жарқын болашаққа жақындата түсетін алғашқы қадам.
Құжатты қолына алған әр жасты қолдайтын, қорғаштайтын бір қуатты күш бар. Ол – ата-ана. Мұндағы асқар тау әке мен мейірімді ананың әрқайсысы бауыр еті баласынан бетер қобалжып, қуанып тұр. Ұл-қызым ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, көңілі қалаған оқу орнына түседі деп сенеді олар.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане