4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_23_21-2021_9.jpgМемлекеттік рәміздер-мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі, бұл мемлекеттік тәуелсіздікті жүзеге асыру идеясының жаршысы.


Біздің мемлекетіміздің рәміздері оның егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен билік бірлігінің, топтасуы мен жалпыадамзаттық құндылықтарға ұмтылысының даусыз дәлелі болып табылады.
Баршамызға маңызды мерекелердің бірі- 4 маусым күні Әйет ауылында "Елтаңба-елдігім, көк туым-кеңістігім!» атты акция өтті.
Іс-шара Тобыл кентінде бастау алды. Автокөлік жүргізушілерінің колоннасы кент көшелерімен жүріп өтіп, оларға велосипедшілер қосылған аудан орталығына бет алды. Авто-вело колоннаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының үлкен матасы бар жастар шеруі басқарды.
Шеру орталық алаңда аяқталды. Аталмыш іс-шарада барлық қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Назгүл Манасова құттықтады.
- Мемлекеттік рәміздер зор патриоттық және тәрбиелік күшке ие. Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға және қолдануға қоғамдық-саяси сипаттағы түрлі іс-шаралар, тақырыптық көрмелер, конференциялар, акциялар бағытталған. Онда Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері элементтері бар көрнекі үгіт атрибуттары пайдаланылады. Айта кету керек, мемлекеттік рәміздерді насихаттау жастар арасында ерекше маңызға ие, — деді Н. Манасова.
Іс-шараны Б. Майлин аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Е. Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйі, Жастар ресурстық орталығы, аудан орталығының ұйымдары мен мекемелері қызметкерлерінің, сондай-ақ оқушылар мен жастардың белсенді қатысуымен ұйымдастырылды.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане