«Қауіпсіз жол» акциясы өтуде

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_29_29-2021_2.jpgАудан көлемінде ағымдағы жылдың шілде айының 17-сі күнінен бастап қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, көлік құралын мас күйде басқарудың жолын кесу мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық шарасы өткізілуде.


- Аталған жедел-алдын алу іс- шарасының мақсаты- жол апаттары және оның салдарын ескерту, сондай-ақ жолда жүру ережелерінде өрескел бұзушылықтарын анықтау. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері: көлікті масаң күйінде басқару, жылдамдықты арттыру, жол қиылыстарынан өту кезінде ережелерді бұзу. Сондай-ақ, жол апатының себепкері- жаяу жүргіншілерде болады,- дейді полиция бөлімінің қызметкерлері.
"Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық шарасы әрі қарай жалғасуда. Сондықтан, аудан тұрғындарын жол қозғалысы ережелері мен заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане