Ауылға қолайлы жағдай жасалуда

Абаттандыру және ауылдық жерлерде халықтың жайлы тұруы тақырыбы атқарушы биліктің үнемі назарында екені белгілі. Атап айтқанда, Новоильин ауылдық округінде атқарылған жұмыстар туралы ауылдық округ әкімі Мақаш Таймасов атап айтты.
Таймасов М.Е., Новоильин ауылдық округінің әкімі:
Адам қай жерде өмір сүрсе де, ол үшін әрқашан тиісті қолайлы жағдайлар жасалуы керек екенін ұмытпауымыз керек. Ұзақ жылдық тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл атқарушы биліктің ғана емес, сондай-ақ құрметті меценаттардың да қамқорлығы дүние деп білеміз.
Новоильинов ауылдық округінде 8 елді мекен, оның ішінде 914 аула бар. 2020 жылдың қаңтар айында есеп беру кездесуін өткізу барысында аудан әкімі 7 тапсырма беріп, мерзімінде орындалды. Нақтылап айтатын болсам, 2020 жылы ауылдық округті абаттандыруға 125,0 мың теңге жұмсалды. Ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратының терезелері 1,464,5 млн.теңгеге ауыстырылды.
2020 жылы қысқы кезеңде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына қызмет көрсетуге және тазалауға 5,140 млн.теңге бюджет қаражаты бөлінді және игерілді.
Ауылдық округтің көшелеріне 128 шам жағылады, оларды ұстауға аудандық бюджеттен 1,500 млн.теңге жұмсалды. 2021 жылға 1,978 млн.теңге жоспарланған.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Валерьяновка ауылында спорт зал ашылды. Бұл маңызды әлеуметтік жоба ауданымыздың тумасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Рау Альберт Павлович пен оның отбасы жариялаған "игі істер марафоны" аясында жүзеге асырылды. Альберт Павлович-біздің ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан тұлға.
Биылғы жылғы сайлаудың маңыздылығы зор. Ауыл әкімдері өз жұмысында және халық алдында екі жақты жауапкершілікте болады. Сондай-ақ, егер адамдар әкімге ауыл өмірін сеніп тапсырса, онда ауыл әкімі округ тұрғындарынан қолдау алуы керек деп ойлаймын. Яғни, бірге өмір сүру сапасын жақсартуға ұмтылуға құқылы.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане