- Подробности
-
Категория: №14 (10334) от 5 апреля 2018 года
-
Создано 05.04.2018 06:50
-
Просмотров: 4947
Наурыздың 30-ы күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында республикалық «Көш көлікті болсын!» акциясының аясында азаматтарды қабылдау жүргізілді. Көші-қон саясатының мәселелерін бақылау, заңдар мен қаулылардың орындалу жағын қадағалап отыру үшін өткізілген шарада қандай мәселе қозғалды?
Аталмыш акция аясында азаматтарды тақырыптық қабылдаудың тұжырымдамасында: «Көші-қон заңнамасының кемелдене түсуіне байланысты, елге оралатындар қатары жыл санап арта түсуде. Мысалы, 2015 жылы - 4882 этникалық қазақ елімізге оралса, 2016 жылы - 33 754 қандасымыз атажұртына көшіп келді. Қабылданған заңдар мен қаулыларда көрсетілген оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларының, әсіресе, аймақтық және аумақтық жерлерде атқарушы билік жағынан орындалған шаруалар аз емес. Дегенмен, әлі де бақылау мен бағыт-бағдар сілтеудің керек екені байқалды», - деп жазылған. Соның бір дәлелі, оралмандардан «Нұр Отан» партиясына 2014 жылдан бері 3232 өтініш келіп түскен.
2017 жылдан бастап, көшіп келетіндерді Үкімет айқындаған 7 өңірге (Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) қоныстануға үгіт-нәсихат жұмыстарын жүргізу керек. Осы орайда, 2017 жылдың екінші жартысынан бастап, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі көші-қон саясатына қатысты заңдар мен қаулыларда көрсетілген нормаларды негізге ала отырып, тұжырымдамаға сәйкес, екі рет «Көш көлікті болсын!» республикалық акциясын өткізеді. Өткен аптадағы қабылдау кезінде жергілікті филиалға тіркеуді ресімдеу мәселесі бойынша Өзбекстан Республикасының азаматы келді. Нақтырақ айтсақ, құжаттарды ресімдеу кезінде ықтияр хат чипін пайдалану мәселесі отбасыға қиыншылық туғызыпты. Отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының тіркелу мерзімі өткені анықталды. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Айнаш Даданова жергілікті көші-қон қызметіне хабарласты. Олар бұл отбасының әкімшілік айыппұл төлеуі тиіс екендігін түсіндірді. Құжаттарды ресімдеуде көмек көрсетілді.