1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл – өмірдің талай белесінен өтіп, кейінгі ұрпаққа мол тәжірибесі мен тағылымын қалдырған аға буынға құрмет көрсетіп, ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге алғыс білдіретін ерекше күн.
Осы айтулы мерекеге орай Бейімбет Майлин ауданындағы елді мекендерде қарттарға арналған түрлі мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік кездесулердің барлығына ортақ мақсат – үлкендерге құрмет көрсетіп, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, еңбегін бағалау және ақ батасын алу.
Тобыл кентінде Қарттар күніне арналған мерекелік концерт «Думан» мәдениет үйінде өтті. Мерекелік кешке кенттің аға буын өкілдері көптеп жиналып, өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады. Әншілер әсем әндерін орындап, бишілер өз өнерлерін ортаға салды. Музыкалық шығармалар мен жүрекжарды құттықтаулар қарияларға ерекше көңіл күй сыйлады. Көңілді өткен концерт соңында қарттар өнерпаздарға өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Белинский ауылдық округінде де Қарттар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Жиын барысында ауылдың үлкендеріне жылы лебіздер айтылып, олардың өмірлік тәжірибесі мен даналығы кейінгі ұрпақ үшін қашанда маңызды екені атап өтілді. Қонақтарға арнайы концерттік бағдарлама ұсынылып, әндер шырқалып, музыкалық және шығармашылық нөмірлер орындалды. Мерекелік кеш ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жақсы әсер қалдырды.
Ал Павловка ауылдық округінде қарттарға арналған мерекелік шара ерекше жылы әрі әсерлі жағдайда өтті. Құрметті ауыл тұрғындары үшін дастархан жайылып, жайлы жағдайда шәй ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, арнайы концерттік бағдарлама ұсынылып, ән мен музыка әуені мерекелік көңіл күйді одан әрі көтерді. Шара барысында Павловка ауылдық округінің әкімі М.Т. Барменова жиналғандарды мерекемен құттықтап, аға буынға зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіледі. Мерекеде ерекше назар мерейтой иелеріне аударылып, оларға естелік сыйлықтар табысталып, ақжолтай тілектер айтылды.
Үш елді мекенде өткен мерекелік шаралардың мазмұны әртүрлі болғанымен, барлығының мәні бір – қарттарға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау және көңілдеріне қуаныш сыйлау. Мұндай кездесулер үлкенге ізет, кішіге өнеге болатын жарасымды дәстүрдің жалғасы.
Қарттарымыз – елдің өткенін бүгінмен жалғап тұрған алтын көпір. Сондықтан аға буынды ардақтап, олардың әрдайым төрден орын алуына жағдай жасау – баршамыздың азаматтық парызымыз. Қарттар күніне арналған мерекелер қарияларға деген ел ықыласының айқын көрінісі болып, олардың жүрегіне жылу, жүздеріне күлкі сыйлады. Үлкендеріміз аман болып, әр шаңырақта ақ батасы мен ақыл-кеңесі айтылып, мерейі әрдайым үстем болсын!
06.11.2026 14:25

Мемлекет басшысының экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға және отандық өндірісті қолдауға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында Юбилейное ауылында «KST BETON 2022»...
06.11.2026 14:24

В рамках реализации поручений Главы государства, направленных на развитие экономики, привлечение инвестиций и поддержку отечественного производства, в селе Юбилейное был...
05.11.2026 13:39

Бұған дейін ресми түсіндірме берілгеніне қарамастан, Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақыға салық енгізіледі...
05.11.2026 13:37

Центр по борьбе с дезинформацией JAQ.OrtCom, несмотря на ранее опубликованные разъяснения, продолжает фиксировать в социальных сетях вбросы и манипуляции о...
05.11.2026 12:14

5 қарашада Қостанай қаласындағы Жастар сарайында Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауына арналған «Qaz Talks» диалог алаңы...
05.11.2026 12:12

В КОСТАНАЕ НА ПЛОЩАДКЕ «QAZ TALKS» ОБСУДИЛИ ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА 5 ноября во Дворце молодёжи города Костаная состоялась диалоговая площадка «Qaz Talks»,...
05.11.2026 12:08

В с. Асенкритовка начал работу новый пожарный пост. Он будет обеспечивать противопожарную защиту пяти населенных пунктов, в которых проживают более...
04.11.2026 15:33
Социальная политика является одним из ключевых показателей развития государства, поскольку ее главная задача заключается в создании условий для достойной жизни...
30.10.2026 12:59

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді ашқан...
30.10.2026 12:57

В Москве в Посольстве Казахстана состоялся круглый стол, посвященный Посланию Президента Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Актуальные задачи Казахстана в новом...
30.10.2026 12:04

В отделе полиции района Беимбета Майлина организован Центр оперативного управления. С его помощью сотрудники полиции смогут круглосуточно следить за обстановкой...
30.10.2026 12:03

В районе Беимбета Майлина завершается реализация проекта, направленного на сохранение и укрепление межэтнического и межконфессионального согласия. Проект реализует ОФ «Ассоциация...
30.10.2026 09:01

23 октября в ДК им. Е. Умурзакова состоялся торжественный концерт «Рухы биік Қазақстан!», посвященный Дню Республики. В этот день чествовали...
30.10.2026 09:00

В преддверии Дня Республики в районном Доме культуры состоялось торжественное мероприятие, посвящённое решению одного из важнейших социальных вопросов - обеспечению...
30.10.2026 08:59

Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Ел тарихындағы маңызды мерекеге арналған шараның мақсаты – ұлттық...
30.10.2026 08:57

Ербол Баймагамбетов, Тобыл сигнал беру және байланыс дистанциясының (ШЧ-18) ЖТУ бастығы Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыру, теміржол инфрақұрылымын дамыту және...
30.10.2026 08:56

Гульжан Галеева, и.о директора ГКП «Районная больница района Беимбета Майлина» В Послании Президента от 28 октября 2026 года особое внимание уделено дальнейшей модернизации...