Қазақстан темір жолының барлық бағыттарында цифрландыру үдерісі қарқын алып келеді. Бұл өзгерістер ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында атап өткен міндеттермен үндес.
Мемлекет басшысы инфрақұрылымды цифрлық басқару жүйелеріне көшіру арқылы қызмет сапасын арттырудың маңызын ерекше атап өткен болатын. Бүгінгі күні бұл талаптар теміржол саласында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Тобыл кентіндегі «Қазақстан темір жолы» сигнал беру және байланыс дистанциясына қарасты байланыс үйінде де ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда бұрын қолданылған аналогты аппаратура кезеңінен заманауи цифрлық жүйелерге көшу толық аяқталуға жақын.
- Аналогты аппаратура 1983 жылы орнатылған болатын. Ал MCC-12-6-60 жүйесі жиналыстарда пайдаланылып келді. Бұрын арна құраушы аналогты K-607 және К-24.7 аппаратуралары жұмыс істейтін. Тобыл–Елімай арасындағы байланыс үшін К-24Т қолданылды. Қазір олардың орнын жаңа цифрлық арналар алмастырды – Raiscom жүйесі орнатылып, толық іске қосылды. Сонымен қатар DK-500 ACC, ОТС, ДРС секілді қазіргі заманғы цифрлық аппараттар қолданыста, – дейді маман, теміржол байланысындағы технологиялық өзгерістер туралы байланыс үйінің желілік-аппарат аға механигі Глушина Наталья Сергеевна.
Бұдан бөлек, Тобыл–Әйтеке би станциялары арасындағы учаскеде ISCRATEL IP телефониясы қолданылады. Барлық цифрлық жүйелер талшықты-оптикалық кабель арқылы Cisco тіректерінде жұмыс істейді. Оптикалық желінің артықшылығы - жылдамдық, қауіпсіздік және тұрақтылық. Бұл теміржолдағы жедел басқару қызметтері үшін аса маңызды. Бұл байланыс сапасын арттырып қана қоймай, ақпарат алмасудың жылдамдығын едәуір күшейткен. Теміржол саласы – үздіксіз қозғалысты, дәлдікті талап ететін күрделі жүйе. Сондықтан сигнал беру мен байланыс жабдықтарының жаңаруы – бүкіл саланың тиімділігі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Президент Жолдауында айтылғандай, цифрлық технологияларды енгізу – еліміздің стратегиялық дамуының басты басымдықтарының бірі. Тобыл байланыс үйіндегі жаңғырту жұмыстары осы міндеттің нақты орындалып жатқанын көрсетеді.
16.01.2026 08:21

Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыландыАстанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының...
16.01.2026 08:20

Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов.В Астане состоялось пятое заседание Рабочей группы по Парламентской реформе под...
15.01.2026 12:59

В наш район с официальным рабочим визитом прибыл заместитель председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан Рау Альберт Павлович. В рамках поездки...
15.01.2026 12:48
Тобол кентінде «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жүйелі жұмыстар...
15.01.2026 12:43
Бүгінгі таңда экология мәселесі бүкіл әлем үшін өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр.Осы орайда елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық...
15.01.2026 12:41

Зима часто приносит с собой не только красоту заснеженных просторов, но и трудности, особенно для пожилых людей. Школьники нашли способ...
15.01.2026 12:40

№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде аутодеструктивті мінез-құлық пен суицидтің алдын алу, оқушылардың психологиялық саулығын нығайту мақсатында мектеп психологы Ырысхан...
15.01.2026 12:32

В рамках поручения акима области по благоустройству, госпрограммы «Ауыл ел бесігі» в селе әйет завершены работы по реконструкции стел на...
15.01.2026 12:31

Программа «С дипломом – в село» доказала свою эффективность. Ислам Айтмагамбетоврассказывает об уникальной возможности не только начать карьеру в госслужбе,...
15.01.2026 09:53

Точка сингулярности В этом году Парламенту Казахстана исполняется 30 лет: в январе 1996 года состоялась первая сессия первого созыва законодательной ветви власти...
15.01.2026 08:31

Бұған дейінгі мақаламызда Президент реформаларының маңызына кеңінен тоқталып, орталықсыздандыруды өңірлерді дамытуға жол ашатын кілт ретінде атаған едік. Шын мәнінде, Президентіміз...
09.01.2026 12:05

В новогоднюю ночь в нашем районе состоялись праздничные мероприятия, подарившие жителям радость, тепло и по-настоящему волшебное настроение. Главным событием вечера...
09.01.2026 12:03

26 декабря Майская общеобразовательная школа стала площадкой для проведения районного новогоднего праздника, адресованного детям, для которых уходящий год оказался особенно...
09.01.2026 12:01

В канун Нового года на центральной площади района состоялось одно из самых ожидаемых и ярких событий зимы - торжественное зажжение...
09.01.2026 12:00

7 января православные христиане во всём мире отметили один из самых светлых и значимых праздников - Рождество Христово. Накануне праздника...
09.01.2026 11:59

Красносельским центром досуга совместно с Красносельской общеобразовательной школой был проведён праздничный утренник «К нам приходит Новый год», который подарил детям...
09.01.2026 11:58

Тобыл кентінің орталық алаңында жаңа жыл мерекесіне арналған шырша шамдарын жағу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Мерекелік кешке кент тұрғындары –...
09.01.2026 11:56
Во исполнение поручения акима Костанайской области, реализации программы "Таза Қазақстан" в районе Беимбета Майлина продолжаются работы по очистке территории от...