Теміржол – жоғары жауапкершілікті, ұқыптылық пен кәсіби шеберлікті талап ететін сала. Осы саланың дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген жандардың бірі – Беисова Лазат Абдикуловна, ол Тобыл станциясында желілік байланыс бөлімінде электромеханик-қабылдаушы болып жұмыс істейді.
Отбасылы, жолдасы теміржолда жұмыс жасайды. 3 баланың анасы. Беисова Лазаттың жұмысы – теміржолдағы электр жабдықтарының, автоматика және байланыс жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау. Ол пойыздардың қозғалысын реттеуге, бағыттамалар мен сигнал беру құрылғыларының ақаусыз қызмет етуіне жауапты. Әрбір тетік пен механизмнің мінсіз жұмыс істеуі – жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Лазат Абдикуловна теміржол саласына үлкен қызығушылықпен келген. Алғашында ол бұл кәсіптің қыр-сырын меңгеру үшін көп ізденді, тәжірибелі мамандардан үйренді. Уақыт өте келе, ол өз ісінің шебері атанып, үлкен жауапкершілікті міндеттерді өз мойнына алды. Оның еңбекқорлығы мен біліктілігі басшылық тарапынан жоғары бағаланып, бірнеше рет алғыс хаттар мен марапаттарға ие болды. Ол жас мамандарға тәлімгерлік жасап, оларға электромеханик-қабылдаушы қызметінің қыр-сырын үйретеді. 20 жыл осы салады еңбек еткен Беисова Лазат үшін теміржол – жай ғана жұмыс орны емес, өмірінің бір бөлігі. Ол болашақта өзінің тәжірибесі мен білімін жастарға үйретуді мақсат етеді. Лазат Абдикуловна сияқты мамандардың еңбегі – теміржол қауіпсіздігі мен сенімділігінің кепілі. Ол өз ісін сүйіспеншілікпен атқарып, теміржол көлігінің үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс істеуіне үлес қосуда.
- Құрметті теміржол саласындағы әріптестер, аяулы арулар мен асыл аналар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр күндеріңіз қуаныш пен шабытқа толы болып, еңбектеріңіз жемісті болсын! Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық, ал жүректеріңізге шексіз махаббат пен шаттық тілеймін! Көктемнің әрбір күні сіздерге қуаныш, ал әр сапар сәттілік әкелсін!- деп, құттықтады теміржолшы - ана Беисова Лазат Абдикуловна.
06.11.2026 14:25

Мемлекет басшысының экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға және отандық өндірісті қолдауға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында Юбилейное ауылында «KST BETON 2022»...
06.11.2026 14:24

В рамках реализации поручений Главы государства, направленных на развитие экономики, привлечение инвестиций и поддержку отечественного производства, в селе Юбилейное был...
05.11.2026 13:39

Бұған дейін ресми түсіндірме берілгеніне қарамастан, Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақыға салық енгізіледі...
05.11.2026 13:37

Центр по борьбе с дезинформацией JAQ.OrtCom, несмотря на ранее опубликованные разъяснения, продолжает фиксировать в социальных сетях вбросы и манипуляции о...
05.11.2026 12:14

5 қарашада Қостанай қаласындағы Жастар сарайында Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауына арналған «Qaz Talks» диалог алаңы...
05.11.2026 12:12

В КОСТАНАЕ НА ПЛОЩАДКЕ «QAZ TALKS» ОБСУДИЛИ ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА 5 ноября во Дворце молодёжи города Костаная состоялась диалоговая площадка «Qaz Talks»,...
05.11.2026 12:08

В с. Асенкритовка начал работу новый пожарный пост. Он будет обеспечивать противопожарную защиту пяти населенных пунктов, в которых проживают более...
04.11.2026 15:33
Социальная политика является одним из ключевых показателей развития государства, поскольку ее главная задача заключается в создании условий для достойной жизни...
30.10.2026 12:59

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді ашқан...
30.10.2026 12:57

В Москве в Посольстве Казахстана состоялся круглый стол, посвященный Посланию Президента Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Актуальные задачи Казахстана в новом...
30.10.2026 12:04

В отделе полиции района Беимбета Майлина организован Центр оперативного управления. С его помощью сотрудники полиции смогут круглосуточно следить за обстановкой...
30.10.2026 12:03

В районе Беимбета Майлина завершается реализация проекта, направленного на сохранение и укрепление межэтнического и межконфессионального согласия. Проект реализует ОФ «Ассоциация...
30.10.2026 09:01

23 октября в ДК им. Е. Умурзакова состоялся торжественный концерт «Рухы биік Қазақстан!», посвященный Дню Республики. В этот день чествовали...
30.10.2026 09:00

В преддверии Дня Республики в районном Доме культуры состоялось торжественное мероприятие, посвящённое решению одного из важнейших социальных вопросов - обеспечению...
30.10.2026 08:59

Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Ел тарихындағы маңызды мерекеге арналған шараның мақсаты – ұлттық...
30.10.2026 08:57

Ербол Баймагамбетов, Тобыл сигнал беру және байланыс дистанциясының (ШЧ-18) ЖТУ бастығы Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыру, теміржол инфрақұрылымын дамыту және...
30.10.2026 08:56

Гульжан Галеева, и.о директора ГКП «Районная больница района Беимбета Майлина» В Послании Президента от 28 октября 2026 года особое внимание уделено дальнейшей модернизации...