Елбасы Жолдауы талқыланды

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_4_4-2018-8.JPGҚаңтарда Елбасы Н.Назарбаев халыққа арнап дәстүрлі Жолдауын жолдады. Бүгінде кез келген ұжым Жолдауды ортаға салып талқылап, ой өрбітуде. Осыған орай өткен аптада аудан әкімдігінде кеңейтілген кеңес өтті. Оған ауыл, кент, округ әкімдері, мекеме-ұжым басшылары, облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауыл шаруашылық саласының өкілдері қатысты.

 

- Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында ел дамуының жаңа басым бағыттарын белгілеп берді. Олар индустриаландыру, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, қаржы секторы, IT-технологиялар салаларын қамтиды. Дәстүр бойынша Жолдауда адам капиталын дамытуға ерекше назар аударылған. Соның ішінде денсаулық сақтау және білім беру сапасын арттыруға басымдық берілген. Елбасы қойған негізгі мақсат - бәсекеге қабілетті, үш тілді меңгерген, озық ойлы жас ұрпақ қалыптастыру. Бұл мақсат «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен терең байланысты болып отыр,- деп жиынды алғы сөзбен ашқан аудан әкімі Қ.Испергенов, Жолдаудағы негізгі бағыттарды тілге тиек етті.

Бұдан кейін «Адам капиталына инвистиция жұмсау елдің экономикалық өсудің факторы» жөнінде аудан әкімінің орынбасары Н. Манасова, «Жаңа технологиялардың енгізуін индустриаландыру» туралы АО «Варваринское» әкімшілік директоры Д.Перекопный, «Адам капиталы жаңғыртудың негізі» жөнінде облыстық мәслихаттың депутаты А.Даданова, «Агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына ақылды технолгиялар» жайында «Майлин» атындағы ЖШС директоры В.Бушкин баяндама жасады.

Кеңесті аудан әкімі қорытындылап, Жолдауда көрсетілген нақты тапсырмалар бойынша жұмыс атқаруға шақырды.

 


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане