Құрама командамыз үздік спортшылардан жасақталды

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_32_32-2018-6.JPGБиылғы «Тың-Целина 2018» спартакиадасының алауы Лисаков қаласында тұтанбақ. Тамыздың 16-сы мен 19-ы аралығында өтетін облыстық спартакаиадаға дайындық барысы қалай? Спорттық іс-шараның төңірегінде туындаған басқа да сауалдарымызға жауап алу мақсатымен аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марс Шұңғырбаевпен әңгімелестік.


- Марс Айдарханұлы, биылғы аудандық спартакиаданың нәтижелері алдыңғы жылдармен салыстырғанда несімен ерекшеленді?
- Біріншіден, ауданымыздың ХХХ спартакиадасы биыл Май ауылдық округінде өткенін атап өту керек. Айтулы спорттық іс-шараға он үш ауылдық округтен барлығы 364 адам қатысты. Өңірімізде ұйымдастырылған алдыңғы жылдардағы спартакиадаларды салыстыра отырып, біз географиямызды кеңейтіп, спартакиаданы басқа ауылдық округте өткізуді шештік, сондықтан да Май ауылдық округі таңдалды. Айта кету керек, осындай спорттық іс-шаралардың арқасында округте жөндеу жасап, спорттық құрал-саймандарды қалыпқа келтіруге мүмкіндік бар, сондай-ақ биылғы жылы спорттың екі түрін, яғни гір спортын және баскетболды қостық. Ал, нәтижелер жайлы айтар болсам, жыл сайын командалар арасындағы орындар ауысып отырады, әр ұпай үшін намысты қолдан бермейтін спортшылар жыл сайын өздерінің шеберліктерін жетілдіруде. Келесі спартакиада Асенкритов ауылдық округінде өтеді.
- Облыстық деңгейде өтетін іс-шараға дайындық барысы қалай? Осы жерде құрама команданың құрылуы жайлы айтып өтсеңіз. Биыл спорттың қай түрінен жеңіске жетуіміз ықтимал? Сіздің болжамыңыз...
- Аудандық спартакиаданың қорытындысы бойынша біз Лисаков қаласында өтетін облыстық спартакиадада өңіріміздің атынан шығатын үздік спортшылардан құралған Таран ауданының құрама командасын жасақтаймыз. Облыстық спартакиаданың аясында спорттың алты түрінен, яғни баскетболдан, волейболдан, футболдан, президенттік көпсайыстан өткен жарыстар өз мәресіне жетті. Президенттік көпсайыстан біздің құрама Қостанай және Лисаков қалаларына ғана дес беріп, қанжығасына жүлделі 3-ші орынды байлады. Әлбетте, спорттың әр түрінен сынға түсе отырып, медальдарді жеңіп алуға барынша тырысамыз.
- ХХХ спартакиаданы қорытындылай келе, Сіз жаттықтырушылар мен спортшылардың қайсысын ерекше атап өте аласыз?
- ХХХ спартакиаданың қорытындысы бойынша жаттықтырушылардан жас спортшыларды тәрбиелеумен ғана айналыспай, өздері де спорттық іс-шараларға қатысатын Григорий Юдиннің, Максим Хвостенконың есімдерін атап өткім келеді.
- Ауданымызда спорттың қай түрі перспективалық деп есептейсіз?
- Сұрағыңызға жауап бере отырып, спорттың шаңғы спорты, волейбол, дзюдо, жеңіл атлетика, қазақша күрес сынды бірнеше түрін атап өткім келеді.
- Марс Айдарханұлы, алдыңғы жылдарға қандай басымдықты міндеттер қойылып отыр?
- Мұнан былай ауылдық округтерде аудандық спартакиадаларды өткізу үшін ауылдық елді-мекендердегі спорт ғимараттарын жөндемекшіміз.
- Ал, өзіңіз ше, спортқа қалай қарайсыз? Сіз қандай спорттық нәтижелеріңізбен мақтана аласыз?
- Өз басым, спортты қатты жақсы көремін. Бала кезімнен жеңіл атлектикамен, шаңғы жарысымен, президенттік көпсайыспен айналысамын, спорт шеберінің үміткерімін. Спортпен айналысу өмірде қатты көмектесетінін және мамандық таңдауда көп мүмкіндік беретінін атап өткім келеді.
- Әңгімеңізге көп-көп рақмет! Облыстық спартакиадада айтулы жетістіктерге жетуіңізді тілейміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане