Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық жарыс өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_41_412022-10.jpg

Адам баласы дүние есігін ашқасын, қоғамның толыққанды мүшесі болады.
Он екі мүшесі сау адамзат, айнала ортаға пайдасын тигізіп, мемлекеттің өрекендеуіне өз үлесін қосады. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандарда қоғамның толыққанды мүшесі ретінде көптеген игілікті іс атқарып жүр. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі спортшылардың еңбегі ерен. Бүгінде мемлекетіміздегі мүгедек жандарға үлкен қолдау көрсетілуде. Тобыл кенті спорт кешенінде Халықаралық мүгедектер күні мерекесіне орай, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дойбы, дартс, мергендіктері бойынша спорт жарысы өтті. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі және өткізген жарысқа 7 спортшы қатысты. Жарыс қортындысы бойынша: дартс: 1 орын- Пронин Александр, 2 орын- Абрамов Павел, 3 орын Юсупов Алмаз. Дойбы ойынынан: 1 орын- Юсупов Алмаз, 2 место -Гронгольд Юрий, 3 место Набиева Асель. Мергендік бойынша: 1 орын Гронгольд Юрий, 2 орын Абрамов Павел, 3 орын Янле Вечеслав.Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегелерге аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан мадақтаулар мен медальдармен тапсырылды.
- Мұндай спорттық басқосудың мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға және салауатты өмір салтын ұстануға айрықша назар аудару дейді, - ұйымдастырушылар.
Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар күні өткізіліп келеді. Бұл адамдарға қайырымдылықпен қарау - оларға қол созу күні. Еңбастысы дәл осы күні барлық азаматтар бас қосып, өзара әңгімелесіп бір серігіп қалады. Мұның өзі олардың жүрегіне өшпес із қалдырып, спортқа деген қызығушылығын арттыра түсетіні анық. «Кедергісіз келешекке» жасалған қадам деген осы. Жігері жасымаған қайсар жандардың алдағы уақытта да тамаша табыстарға жететіне біздің сеніміміз зор.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане