- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 16.09.2021 07:20
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 2905
10-шы қыркүйек күні «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанна Калимова Бейімбет Майлин ауданының орталық кітапхана жүйесінде орналасқан партия тобына "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Парламент палаталарының бірлескен отырысында жария еткен еліміздің өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дағдарыстық жағдайда одан әрі даму стратегиясын айқындады. Жолдауда әрбір қазақстандыққа қатысты іс жүзінде барлық қызмет салалары қозғалды. Бірақ өзгерістердің негізгі мақсаты-бүкіл мемлекеттің жұмыс істеу тиімділігін арттыру. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы басқару жүйесінің тиімділігін, жаңа жағдайдағы экономиканы арттыруға, өнеркәсіптік әлеуетті ашуға, ауыл шаруашылығын, білім беруді, денсаулық сақтауды, шағын және орта бизнесті, қаржы саласын дамытуға, елдің аумақтық дамуын жаңғыртуға және қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар бастамалармен таныстырды.