Мониторингтік топ жұмысы

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_33_33-2021_10.JPGБ. Майлин ауданының жедел штабының мүшелерінен тұратын мониторингтік топ аудан орталығы, сонымен қатар, ауылдық округтердегі дүкендер мен дәмханаларға шолу жасап, біршама құқық бұзушылықтарды анықтады.


Естеріңізге сала кетейік, аталмыш тексерудің негізгі мақсаты – бұл, бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияның алдын алу және облыстың бас санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулымен регламенттелген ұйғарымдарының орындалуын бағалау.
Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің №21 қаулысына сәйкес штаб мүшелері термометрия журналын жүргізуге, нан өнімдерін міндетті түрде орауға, жеке қорғаныс құралдарын, атап айтқанда бетперде киюге және жұмысшылар мен клиенттер үшін антисептикалық құралдардың болуына баса назар аударды. Сонымен қатар, олар дүкендерге кіре берісте маскаларды міндетті түрде кию туралы жарнамаларды орналастыруды тексерді. Бұл ретте сатушыларға келуші көрсетілген талаптарды орындауға келіспеген жағдайда, олар оған қызмет көрсетуден бас тартуы тиіс және қажет болған жағдайда полицияға көмек сұрауға құқылы екенін еске саламыз.
Ауданның жедел штабының мүшелерінен тұратын мониторингтік топ жүргізген бір айлық тексеру барысында 39 нысаннан 5 карантиндік ережені бұзу анықталды. Сатышулардан қатаң талап етілген санитарлық ережелер кейбір дүкендердің сатушыларына маңызды еместей көрінді. Аталмыш іс-шара бойынша біршама дүкендердің сатушылары түсініктеме жазып, алдағы уақытта тиісті шаралар қолданылатын болады.
Санитарлық ережелерді орындау бәріміздің міндетіміз екенін ұмытпайық. Өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндіруден сақ болыңыздар!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане