- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 12.08.2021 06:37
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 2140
Ауылшаруашылығы министрлігінің бірінші вице-министрі Айдарбек Сапарбаев Қостанай облысына іссапармен келді.
Сапар барысында ол бірқатар шаруақожалықтарын аралап, аймақтағы егін жинау науқанының барысымен танысты. Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Айдарбек Сапарбаев 4-ші тамыз күні біздің ауданда болды.
Аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов ауылшаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапарбаевқа ауданның ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің егін жинау науқанына дайындығы туралы хабардар етті. Ағымдағы жылы біздің ауданда 128600 гектар егілді, мамыр-маусым айларындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты өнімділік өткен жылдың деңгейінен төмен болады деп күтілуде.
Айдарбек Сейпеллович ауданның ірі шаруашылықтары - "Әділет-Т" ЖШС, "S-Agro" ЖШС, "Ақтас" ЖШС, "Қалиев" ШҚ және басқа да бірқатар шаруа қожалықтарының егіс жағдайымен танысты. Барлығы 7500 гектар қаралды. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша оларға егін жинау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді. Және Айдарбек Сапарбаев мырзаның айтуынша Қостанай облысында малшаруашылығына қолайлы жағдай жасалынған, тек біршама жұмыстар атқарылуы керек. Алдағы уақытта біршама кәсіпкерлерден малшаруашылығының белсенді әрі нәтижелі болуын күтетіндігін жеткізді.