Аудан әкімдігінің отырысы

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_18_18-2021_9.jpg29-шы сәуір күні мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының қатысуымен аудан әкімдігінің отырысы өтті.


Аталмыш отырыста ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы бірқатар мәселелер қаралды. I тоқсанға экономика және қаржы бөлімінің басшысы В.П. Ересько есеп берді.
2020-2021 жылдары жылу беру маусымының аяқталуы және 2021-2022 жылдары жылу беру маусымына дайындық туралы ТҮКШ бөлімінің басшысы А. В. Киншетбаев және «Тобыл» МКК директоры Т. Ж. Садыков есеп берді. Олар маусымның қорытындысын, проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын қорытындылады. Екі айлық санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары туралы аса ірі ауылдық округтер – Әйет және Тобыл кенттерінің әкімдері есеп берді. Олар өз баяндамаларында абаттандыру бойынша негізгі іс – шараларды сенбіліктер өткізу, кентішілік жолдарды жөндеу және т.б атап өтті. Ауданда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациядан өту туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Д. Уәлиев айтып берді. Қазіргі уақытта вакцинация бас санитарлық дәрігердің қаулысында белгіленген кезеңдерге сәйкес штаттық режимде жүргізілуде. Ішкі саясат бөлімінің басшысы О.А.Нұрғалиева ауданда «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының қорытындысы мен жүзеге асырылуы туралы ақпарат берді. Баяндамада осы бағдарлама шеңберінде іске асырылған негізгі жобалар атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі Қ.Мыржақыпов нақты тапсырмалар беріп, хаттамалық шешім әзірленді. Отырыс соңында еңбек жетістіктері үшін және құрметті демалысқа жақын арада шығуына байланысты «Тобыл» МКК директоры Тансықпай Садықовқа гравертон табыс етілді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане