Ынтымағы жарасқан!

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_17_17-2021_9.jpgҚазақстандағы барлық отбасы рухани жаңғырып, озық дәстүрлерді табысты сабақтастырып, жас ұрпақты ұлттық кодты сақтай алатындай етіп тәрбиелеуі – елдік міндет.


Елімізде 140-тан астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Барлық ұлттың өзіндік мәдениеті, әдет-ғұрпы бар. Солардың бірі - көпұлтты Бейсенгуловтар отбасы. Олардың шаңырағы шағын көпұлтты мемлекетке ұқсайды.
Ильгиз бен Зарина ауданымыздағы интернационалды отбасылардың бірі. Отағасында башқұрт және татар қаны, ал жары Заринада қазақ және орыс ұлты аралас. Бұл берекелі жанұяның шаңырақ көтергеніне биыл 9 жыл. Достары арқылы бірін-бірі сырттай таныған екі жас бір-бірімен ғаламтор желесі арқылы танысып, уақыт созбай, үйленуге ұсыныс жасалған. Содан бері жұптары жазылмай, бақытты ғұмыр кешуде.
Отбасы тәп-тәтті екі қыз тәрбиелеп отыр. Үлкен қызы Дарина 7 жаста, ал кіші қызы Жасмина 5 жаста.
- Үлкен қызымның есімін өзім қойдым. Себебі, Дар- сый деген мағынаны білдіреді. Қыздарым менің бар байлығым, бақытым. Ал, кіші қызымыздың есімін жарым Зарина өзі қойды. Дарина қазіргі таңда өнер мектебінде білім алып жатыр. Болашақта мүмкін өнерге жақын болар деген ойымыз бар,-дейді Ильгиз мырза.
Әр ұлттың мәдениетімен құндылықтарын үйретуден ата-ана еш шаршаған емес. Бейсенгуловтар отбасы Қазақстан елінде шаттықта өмір сүріп жатқандарын бақыт санайды.
- Біз көбіне қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін міндетті түрде ұстанамыз. Себебі, өскен жеріміз Қазақстан. Бізге жеткен мәдениетті біздің балаларымыздың бойына сіңіргіміз келеді. Біз барлық салт-дәстүрлерді ұстанамыз, мерекелерді бірдей тойлаймыз,- дейді отағасы.
Көпке үлгілі отбасы ұлтқа бөлінбейді. Жанұяның басты қағидасы татулықты берік сақтау, адами құндылықтарды жоғалтпау. Дәл осындай отбасылар мемлекетіміздің тірегі. Әулеттің ең құрмет тұтатын мерекелерінің бірі 1-мамыр Бірлік күні. Бұл мейрамды олар асыға күтеді.
- Елімізде адамды түр-түске бөліп, алалау жоқ. Баршамызға Қазақстанның азаматы ретінде тең құқық берілген. Бәрімізге де жоғары білім алып, лауазымды қызметке тұруға барынша жағдай жасалған. Сондықтан біз де көп ұлтты еліміздің жан-жақты дамуына өз үлесімізді қосып келеміз. Өйткені, біз бейбітшілік бесігінде тербелген Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз.Осы ретте келе жатқан 15 – мамыр «Халықаралық отбасы» күнімен құттықтай отырып, барлық отбасына бақ береке, ырыс-дәулет тілеймін! Елідігіміздің айқын куәсі – егемендігіміз мәңгілік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! - деп, ізгі тілегін білдірді Зарина.
«Тірліктің күші – бірлікте, бірліксіз істе береке жоқ». Қазақтың осы бір даналық сөзін жүректеріне мықтап түйген отбасының бақыты мен бағы үлкен болатыны сөзсіз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане