«Өз Отанының білгірі» интеллектуалды байқауы

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_1_1-2021_1.JPG28 желтоқсан күні адамгершілік және патриоттық тәрбие саласындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында "Менің Тәуелсіз Қазақстаным"атты аудандық зияткерлік байқауы өткен болатын.


Байқау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Аталмыш байқаудың демеушісі "Варваринское"АҚ болып табылады. Байқау жастардың патриоттық сезімін, рухани қажеттіліктерін қалыптастыруға, дарынды балаларды анықтауға және оларды одан әрі дамыту үшін қолайлы алғышарттар жасауға ықпал ету болып табылады.
Коронавирустық инфекцияға байланысты конкурс қашықтықтан өткізілген болатын. Байқауға 14-17 жас аралығындағы жастар қатысты. Негізгі және орта мектептерден барлығы 57 оқушы бақ сынасқан. Байқауға әр мектептен "Қазақстан тарихы", "Ағылшын тілі", "Орыс тілі мен әдебиеті" пәндері бойынша оқушылар қатысты. Конкурс 2 турда өткізілді: 1 тур – іріктеу кезеңі болды. Мәлімделген қатысушыларға Onlinetestpad платформасында пәндер бойынша тестілеу ұсынылды. 30 минут ішінде 25 сұраққа жауап беру керек болатын. 57 қатысушының 25-і екінші турға өтіп, тестілеу барысында 23-25 балл жинады. Екінші турда байқау комиссиясы пәндік бағыттар бойынша бейнероликтерді қарап, бағалады. Жүлде қоры: 1 орын үшін – ноутбук, 2 орын үшін – планшет, 3 орын үшін –смартфон табысталды.
Сайыстың қорытындысы бойынша 1-орынды Б. Майлин атындығы ОМ оқушысы Никита Приз иеленді, 2 -орынды С. Ерғалиев атындағы ОМ оқушысы Рахат Мурзагулов иеленді. 3 орын - Май орта мектебінің оқушысы Аяжан Баймухамбетова қанжығасына байлады.
"Пән білгірлері" номинациясында 30 және одан да көп балл жинаған келесі оқушылар анықталды: Тобыл ОМ оқушысы Юлия Яковлева, Валерьяновка орта мектебінің оқушысы Мақсат Досмұхамбетов, Май ОМ оқушысы Карина Кишинева, Валерьяновка НМ оқушысы Лаура Мухтарова,Асенкрит ОМ оқушысы Асан Межекенов, Новоильинов ОМ оқушысы Айсұлтан Машаев, Май ОМ оқушысы Елизавета Лукашова, Б. Майлин атындағы орта мектеп оқушысы Татьяна Стефанова, Б. Майлин атындағы орта мектеп оқушысы Елизавета Туманова, Набережная орта мектебінің оқушысы Ақбота Бөлекбаева.
Сондай-ақ, жарыс бойынша ең үздік ұпай санын көрсеткен мектепте таңдалған болатын. Аталмыш сайыстың қорытындысы бойынша үздік мектеп Б.Майлин атындағы орта мектеп марапатталып, 3-1 принтері сыйға тартылды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане