«Қазақ теміржолының даңқты ғасырлық тарихы мен дәстүрі – ел экономикасының сенімді әрі берік іргетасы»

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_30_30-2020_3.jpgҚазақстанда Көлік және байланыс саласының қызметкерлерінің төл мерекесі жылда тамыз айының алғашқы жексенбісі күні аталып өтіледі.


Ғасырлық тарихы бар қазақ теміржолы бүгінгі күні өзгелермен терезесі тең, иық тірестірер дәрежеге жетті. Мұның бәрі теміржолшы болып еңбек ететін қазақстандықтардың тынымсыз еңбегі мен қажырлы қайратының жемісі. Бүгінгі уақыттағы қазақ теміржолының дамуы айтарлықтай өскен.
Үздік мамандар кәсіби мереке қарсаңында төсбелгі тағып, алғыс хатпен марапатталды. Теміржол саласында ұзақ жыл қызмет етіп, құрметті демалысқа шыққан ардагерлер де назардан тыс қалмады.
Жыл сайын тойланатын теміржол саласы мамандарының мерекесі биыл пандемияға байланысты Тобыл кентінде онлайн мерекелік құттықтау арқылы жүргізілуде. Тобыл әкімі Б.Б.Каукин, Тобыл станциясының басшысы С.Н.Яковенко, теміржол саласына еңбегі сіңген, ауданымыздың құрметті ақсақалы М.Б.Қашқымбаев, ардагерлер Кеңесінің төрағасы А.Г.Жаворонков және мекеме басшылары кəсіби мереке иелерін құттықтау youtube және әлеуметтік желілер арқылы халыққа жеткізілуде. «Думан» Мәдениет үйі көркемөнерпаздар ұжымының музыкалық салемдемелерін осы әлеуметтік желілерден тамашалайды.
Кұрметті теміржолшылар! Қазақ даласының күре-тамыры теміржолды нық тізгінде ұстап тұрған азаматтарды төл мерекелерімен құттықтаймыз. Айшылық алыс жерлерге аман-есен жетуде, жолаушының жол азабын азайтуда, сондай-ақ, жүк тасымалының ең үлкен үлесін орындауда еңбектеріңіз зор. Қоғамдық маңызы зор жауапты қызметтегі біліктіліктеріңіз бен көлік және байланыс саласындағы сүбелі үлестеріңізді біз әрдайым жоғары бағалаймыз.Осы мерекелі күнде Сіздерге мықты денсаулық, өмірге деген құштарлық тілей отырып, жолдарыңыз ақ болсын. Теміржол дөңгелектері сенімді соқсын, ал ,үйге оралуда туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыз асыға күтсін!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане