Үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_25_25-2020_5.gif23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында аудан әкімі аппаратының басшысы Александра Балан аудан әкімі атынан мемлекеттік қызметшілерді құттықтады.
Мемлекеттік қызметшінің жұмысы адамнан білімділікті, жан-жақтылықты, жауапкершілік пен төзімділікті қажет етеді. Халыққа қызмет ету – құрметті мамандық. Халық сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті халыққа қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап артады.
Осы мамандық аясында қол жеткізген жетістіктері, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адал еңбегі үшін және Мемлекеттік қызметші күнін атап өтуге орай, Әйет ауылдық округінің әкімі Азамат Бердалинов, сонымен қатар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Ольга Новоселецкая (суретте), ішкі саясат бөлімінің бас маманы Екатерина Джумагли, аудандық мәслихаттың ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Назиля Тугельбаева, Май селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Светлана Шарий аудан әкімінің мадақтамасымен марапатталды. Жемісті еңбектерінің арқасында әріптестерінің арасында үлкен құрмет-қошеметке бөленулері атқарған еңбектерінің нәтижелері деп білеміз.
20-23-ші маусым күндері үш бірдей мамандық иелері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өткен болатын. Мемлекеттік қызметшілер, сонымен қатар, еліміздің абыройлы мамандықтарының бірі полиция қызметкерлері және ақ халатты абзал жандар бүгінде алғыс хаттарға ие болып отыр.
Еліміздің барлық мемлекеттік қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің әлеуетінің артып, қарыштап дамуы үшін аянбай қызмет атқарып, биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане