«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_23_23-2020_252525.JPGАудандық мәслихатының ұйымдастыруымен «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері қатысты.


Фракция отырысының күн тәртібінде "Nur Otan" партиясының 2016-2020 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру, сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды онлайн қабылдауын өткізу туралы мәселелер қаралды. "Nur Otan" партиясы қоғамдық бірлестігі жарғысының 7.7 тармағына сәйкес депутаттық фракциясы отырысында "Nur Otan" партиясының сайлау алдындағы бағдарламасын іске асыру жөніндегі ақпараттың назарға алынуы, фракция мүшелеріне сайлау алдындағы бағдарламада белгіленген аудан мәслихаты шешімінің жобалары бойынша мәселелерді қарауға қатысу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттарына, фракция мүшелеріне месенджерлер мен скайп арқылы онлайн қабылдау өткізу, азаматтардың өтініштерін қарау бойынша фотоесептер мен есептерді ұсыну және партияаралық праймеризді дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы шешімдер мәслихат депутаттары және фракция мүшелеріне қабылданды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане